Оралда Батыс Қазақстан облысының табиғатына арналған фотобайқау өтті

4 Шілде 2022, 19:35
1602
Бөлісу:
Оралда Батыс Қазақстан облысының табиғатына арналған фотобайқау өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Туған өлкеміздің табиғатын сақтайық» атты фотосуреттер байқауы қоршаған ортаға деген қамқорлықты қалыптастыруға бағытталған.

Бұл туралы  Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі хабарлайды.

Оралда Батыс Қазақстан облысының табиғатына арналған фотобайқау өтті

Фотобайқау өңірде жүзеге асырылып жатқан «EcoBatys» ауқымды экологиялық бастамасы шеңберінде өтті.

Байқауға жоғары сынып оқушылары 100-ге жуық фотосуретті тапсырды. Оқушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарында Батыс Қазақстан облысының қала және табиғи сұлулығын бейнеледі.

Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, шығармашылық байқаудың басты мақсаты - оқушылардың экологиялық білімін арттыру.

Қоршаған ортаға ұқыпты қарауды адамға бала кезінен үйреткен жөн. Біздің міндетіміз - балалардың туған өлкенің табиғатын зерттеуге деген қызығушылығын қолдау, - дейді жоба жетекшісі Үміт Шадеева.

Оралда Батыс Қазақстан облысының табиғатына арналған фотобайқау өтті

Эко-бастама аясында қоғам белсенділері экологиялық сауаттылық пен мәдениетті арттыруға бағытталған түрлі акциялар мен іс-шараларды өткізіп жатыр. 

Қала мектептері арасында «Жасыл мектеп» эко-конкурсы өткізіліп, оған қаланың 14 мектебі қатысты. Жеңімпаз мектептер сыйлыққа ағаш көшеттерін алды. Оқу орындарының аумағында 112 қылқан жапырақты және сәндік ағаштар отырғызылды. Енді қоғам белсенділері жас еріктілермен бірлесіп, көшеттердің жерсінуіне мониторинг жүргізіп, ағаштардың жағдайын бағалайды.

Әлеуметтік жобаны «Достық аланы» балалар және жастар қоғамдық бірлестігі «Шелл Қазақстан» компаниясының және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «ЭкоБатыс» бастамасы шеңберінде іске асырады.

Өзгелердің жаңалығы