Павлодар облысында 4 мыңнан астам адам абаттандыру ережесін бұзған

4 Шілде 2022, 11:45
1420
Бөлісу:
Павлодар облысында 4 мыңнан астам адам абаттандыру ережесін бұзған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9-қабаттан су төккен павлодарлық жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Жылдың басынан бері 4310 адам Павлодар облысының аумағын абаттандыру ережелерін бұзған. Тағы бір оқиға Н. Назарбаев даңғылындағы үйдің тұрғындарын мазалады, сол себепті олар полицияға жүгінген. 

Тоғызыншы қабаттың балконынан әйел шелектен лас суды шашты, – деп көршісі шағымданған. 

Келген тәртіп сақшыларына қоқысты төгіп жатқан пәтер иесі үйді тазалап, суды көшеге төккенін айтқан. 

Қаланы абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, сондай-ақ алдағы уақытта мұндай фактілерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Көршілерге тағы бір шағым Бекхожин көшесіндегі үй тұрғындарынан келіп түсті. Құрылыс қоқыстарын баспалдаққа қалдырып, олар лифт пен пәтерлерге кіруге кедергі келтірген. Сондықтан заңнама нормаларын бұзғаны үшін, сондай-ақ көршілерге келтірілген қолайсыздықтар үшін пәтер иесі ҚР ӘҚБтК 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өзгелердің жаңалығы