Смайлов Ресей премьер-министрі Мишустинмен келіссөздер жүргізеді

Смайлов Ресей премьер-министрі Мишустинмен келіссөздер жүргізеді
513

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөздер жүргізеді. 

Бұл туралы Министрлер кабинетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов бастаған қазақстандық делегация Екатеринбург қаласына келіп, онда "ИННОПРОМ"XII Халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысады. Сонымен қатар, көрме алаңында Әлихан Смайылов РФ үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөздер жүргізеді, - делінген дүйсенбі күнгі хабарламада.

Сондай-ақ, Ресейдің ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының басшыларымен бірқатар кездесулер күтілуде.


Фото: дереккөз