Парашют спортынан өткен чемпионаттың қорытындысы шығарылды

4 Шілде 2022, 18:10
1070
Бөлісу:
Парашют спортынан өткен чемпионаттың қорытындысы шығарылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда классикалық парашют спорты және әуедегі топтық акробатикадан Қазақстан Республикасы мен Қарулы күштердің 29-шы чемпионаты аяқталды. 

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Парашют спортынан өткен чемпионаттың қорытындысы шығарылды

Жарыс Қарулы күштердің Парашюттік даярлық орталығының базасында өтті. Сайысқа барлығы 62 спортшы қатысты. Оның ішінде 4-уі әйел. Жарысқа қатысушылар 900-1200 метр биіктіктен қонатын межеге дәл, сондай-ақ 2200-2500 метр биіктіктен акробатикалық секірулерді орындады.

 Әскери қызметшілер арасындағы парашют спортынан әлем чемпионатына (CISM) соңғы рет армия спортшылары 2016 жылы қатысты. Алты жыл ішінде құрам өзгеріп, өз шеберліктерін көрсететін жас жігіттер келді. Талай секіру жаттығуларды өткізілді. Енді халықаралық жарыстарға қайта қатысатынымызға сенімім мол. Сонымен қоса, Қорғаныс министрлігі басшылығының тарапынан да бұған қызығушылық бар, - деп атап өтті спорт шебері, Қазақстанның жоғары ұлттық санатының және FAI халықаралық санатының төрешісі Анна Коростина. 

Қарулы күштер чемпионатында Парашюттік даярлық орталығының өкілдері бағдарламаның барлық түрінен сөзсіз жеңімпаз атанды. Ерлер арасында қону белгіленген жерге дәл жеке секіруде спорт шебері кіші сержант Денис Исламовқа, әйелдер арасында халықаралық дәрежедегі спорт шебері кіші сержант Римма Рамазановаға алтын жүлде берілді. Сонымен қатар, Денис Исламов акробатикалық фигуралар кешенін орындай отырып, жеке секірулерде жеңіс тұғырынан көрінді.

Парашют спортынан өткен чемпионаттың қорытындысы шығарылды

Парашюттік даярлық орталығының командасы жердегі қону дәлдігіне топтық секірулерді орындауда және топтық әуе акробатикасы бойынша жарыстарда жеңіске жетті. 

Қазақстан чемпионатында бағдарламаның жекелеген түрлерінде Алматы қаласының «Отан» аэроклубының спорт шебері Константин Малявин, Орал қаласының мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорттық-техникалық мектебінің атынан спорт шебері Александра Ларина, сондай-ақ Қазақстан авиациялық спорт федерациясы Қарағанды филиалының өкілі Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сергей Жолдин жеңімпаз атанды.

Чемпионаттың қорытындысына сәйкес, парашют спортынан Қазақстанның және Қарулы күштердің командасы құрылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы