Бетперде тағуды бастауымыз қажет - Тоғжанов

4 Шілде 2022, 12:05
5009
Бөлісу:
Бетперде тағуды бастауымыз қажет - Тоғжанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Пандемияның жаңа толқынына дайынбыз.

Бұны  Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.

Ол сұрақ назарымыздан тыс қалып жатқан жоқ. Қазір пандемияның кезекті толқыны басталып кетті. Көптеген Еуропа мемлекетінде 135-240 пайызға дейін өсім байқалып отыр. Сол себепті елден сыртқа шығатын азаматтардың бәріне осы жағдайға қатысты ұсыныстар бердік. Ел азаматтары коронавирус тез таралып жатқан мемлекеттер мен аймақтарға барған кезде ойлануы керек. Дегенмен, біз әзірге жасыл аймақтамыз. Бүгін Алматы қаласы ғана сары аймаққа кірді. Бұған қатысты ВАК-тың нақты шешімдері бар, - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Сондай-ақ Тоғжанов журналистің «бетперде тағуды бастау қажет пе?» деген сұрағына жауап берді.

Сары аймақтарға байланысты ұсыныстар мен шектеулер де болады. Мұның бәрін азаматтар ескеруі тиіс. Азаматтар бетперде тағуды бастауы керек, - деді Ералы Тоғжанов.

Өзгелердің жаңалығы