19 жастағы жігіт тауға көтерілмекші болып, 20 метр биіктіктен құлады

4 Шілде 2022, 19:55
1245
Бөлісу:
19 жастағы жігіт тауға көтерілмекші болып, 20 метр биіктіктен құлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тауға деген жорық тағы бір мәрте қайғылы жағдайға айналды. 

2003 жылы туған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны халықта «Туфелька» деген атпен белгілі тауға шығып, 20 метр биіктіктен құлаған, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға бүгін сағат 16:47-де болған. Жас жігіт тауға қарай көтерілмекші болып, таудың етегіне құлаған.

Оқиға орнына құтқару бекеті басшысының міндетін атқарушы Максим Пономарев, бас құтқарушы Александр Попов және Әлібек Айтжанов, Евгений Ляхов құтқарушылар құрамы шыққан. 

Жәбірленушінің аяғы сынып, бірнеше жерден жарақат алғандықтан, бірден зембілге жатқызу қиынға соққан. Құтқарушылар оны жедел жәрдем көлігіне жеткізген. Қазіргі уақытта жас жігіт медициналық тексеруден өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы