Моңғолия азаматтары Қазақстаннан Ресей арқылы жермен қатынаса алады

4 Шілде 2022, 20:23
18308
Бөлісу:
Моңғолия азаматтары Қазақстаннан Ресей арқылы жермен қатынаса алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Моңғолияға өзге елдерден Ресей шекарасы арқылы өтетін Моңғолия азаматтары бұдан былай кедендік шекара арқылы қатынаса алады.

Бұл туралы Баян-Өлгий аймағы әкімінің ресми сайты хабарлады.

2022 жылы шілденің 15-нен бастап Ресей федерациясы коронавирус инфекциясына байланысты уақытша жабылған барлық шекарасын ашуына байланысты Ресей арқылы Моңғолияға келетін Моңғолия азаматтары шекарадан емін-еркін өте алатын болды – делінген хабарламада.

Осыған байланыста Ресей территориясы арқылы Моңғолияға бара алмай жатқан азаматтардың мәселесі шешілгені айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстаннан Моңғолияға баратын қызыл паспорты бар азаматтар, яғни Моңғолия азаматтары елдеріне барған кезде Ресей аумағынан өтетін. Алайда екі жылға жалғасқан коронавирус инфекциясына байланысты және азаматтарға түсініксіз бірқатар себепке байланысты Моңғолия азаматтары Ресей арқылы жермен жүре алмай қалған болатын. Мысалы Қазақстаннан Моңғолияға бару үшін міндетті түрде ұшақпен ұшатын. Бұдан былай Ресей шекарасы ашылып, Қазақстан мен Моңғолия арасына емін-еркін жүре беруге болады.

Өзгелердің жаңалығы