30 мың шақырым жолға арнайы белгілер орнатылады

4 Шілде 2022, 13:22
1274
Бөлісу:
30 мың шақырым жолға арнайы белгілер орнатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазақавтожол" ЖШС ЖШС мамандары жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды іске асыру жоспары барысында 30 мың шақырымнан астам жолға арнайы жол белгілерін орнатады.

Бүгінде 9 781 жол белгілері мен 397 дана ақпараттық панно және 23 118 белгі бағанасы мен 26 766 дана катафоттарды  орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ жоспар шеңберінде 2 733 шаршы метр шулы жолақтар мен 27 064 метр қоршау (кривбрус)  орнату жұмыстары да іске асырылуда.

Барлық жол элементтерін орнату жол-көлік оқиғасын болдырмау және қарсы бағытпен соқтығысудың алдын алу мақсатында қолға алынуда, - деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі. 

Өзгелердің жаңалығы