Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне қатысты тергеу басталды

4 Шілде 2022, 19:17
1015
Бөлісу:
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне қатысты тергеу басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті аймақта жоғары білім беру (бакалавриат) қызметтері нарығында бәсекелестіктің жай-күйін талдап, бағалау жүргізді.

Осының нәтижесінде, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті аймақ нарығында 70% - дан астам үлесімен үстемдікке ие екендігі анықталды. Аталмыш ЖОО-да «Стандарттау, метрология және сертификаттау», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Ақпараттық жүйелер» және басқа да бірқатар мамандықтар бойынша оқу құны Атырау инженерлік-гуманитарлық институты, Сафи Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университетіндегі ұқсас мамандықтарға қарағанда 35-60% - ға жоғары екені анықталды.

Осыны қаперге алған өңірлік монополияға қарсы Департаменті Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне қатысты 2022 жылдың 10 маусымында монополиялық жоғары бағаларды белгілеп, ұстап тұрған үшін тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

Өзгелердің жаңалығы