Әлемде СOVID-19 жұқтырғандар саны 549 млн-нан асып кетті

4 Шілде 2022, 20:46
1119
Бөлісу:
Әлемде СOVID-19 жұқтырғандар саны 549 млн-нан асып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 549 млн 183 мың 742-ге жетті. Бұған америкалық Джонс Хопкинс университетінің деректері куә болады деп хабарлады Interfax.ru.

Дүние жүзінде қауіпті індет басталғалы бері аталған дерттен 6 млн 339 мың 114 адам қайтыс болған.

Ал 20 млн-нан астам адам дерт жұқтырған елдердің көшін әлі күнге АҚШ, Үндістан, Бразилия, Франция, Германия мен Ұлыбритания бастап тұр. 

Індет жұқтырғандар мен оның салдарынан көз жұмғандардың үштігіне тоқталсақ:    

АҚШ – 87 млн 843 мың 561 және 1 млн 17 мың  848

Үндістан – 43 млн 518 мың 564 және 525 мың 223.

Бразилия – 32 млн 490 мың 422 және 671 мың 911.

Өзгелердің жаңалығы