Елордада терроризмге қарсы дайындық бойынша дөңгелек үстел өтті

4 Шілде 2022, 17:00
1135
Бөлісу:
Елордада терроризмге қарсы дайындық бойынша дөңгелек үстел өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері террористік тұрғыдан осал объектілерге жататын 30-дан астам денсаулық сақтау объектілерінің басшыларымен терроризмге қарсы дайындық бойынша дөңгелек үстел өткізді.

«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының нормалары егжей-тегжейлі түсіндірілді, онда террористік тұрғыдан осал объектілердің, террористік тұрғыдан осал объектілер бойынша күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектілерінің меншік иелері, иеленушілері, басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары олардың терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында террористік тұрғыдан осал объектілер бойынша күзет қызметтерін көрсету туралы:

1) тиісті өткізу режимін қамтамасыз ету, объектілерді оларға қойылатын талаптарға сәйкес қазіргі заманғы инженерлік-техникалық күзет жабдықтарымен жарақтандыру;

2) үлгілік паспорт негізінде – объектінің терроризмге қарсы қорғалу паспортын әзірлеу;

3) объектілердің қызметшілерімен олардың қорғалуын қамтамасыз ету бойынша профилактикалық және оқу іс-шараларын ұйымдастыру; 

4) терроризм актілеріне ден қою, сондай-ақ жасалған терроризм актісінің салдарынан туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлескен іс-қимылдарды жоспарлауға және ұйымдастыруға қатысу.

Өзгелердің жаңалығы