Денсаулық сақтау саласындағы бастамаларға 30 шағын грант бөлінді

4 Шілде 2022, 13:45
1555
Бөлісу:
Денсаулық сақтау саласындағы бастамаларға 30 шағын грант бөлінді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда «Birgemiz: Saulyq» жалпыұлттық жобасының аясында бөлінген шағын гранттар конкурсының жеңімпаздары анықталды. 

Жобаның негізгі міндетотерінің бірі - денсаулық сақтау саласындағы азаматтық бастамаларды іске асыруда қазақстандықтардың қатысуын кеңейту. Бұл туралы   Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі хабарлайды.

Денсаулық сақтау саласындағы бастамаларға 30 шағын грант бөлінді

«Birgemiz: Saulyq» жалпыұлттық жобасы аясында волонтерлік бастамаларды іске асыруға, соның ішінде қарт адамдарға көмек көрсетуге, шала туған сәбилерге киім тоқуға, ерекше балаларға арналған даму курстарына және басқа да пайдалы бастамаларға шағын гранттар конкурстық негізде берілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға өтінім түсірген 94 азаматтың ішінен 30 жеңімпаз таңдалды. Жобаны іске асыру үшін конкурстың әрбір жеңімпазы 300 мың теңгеге ие болады.

 

Денсаулық сақтау саласындағы бастамаларға 30 шағын грант бөлінді

Биыл өтінімдер саны бойынша Шығыс Қазақстан облысы көшбасшы атанды: 8 бастамашыл топ конкурстың финалына өтті. Өңірлерде волонтерлік қарқынды дамуда. Шағын гранттардың арқасында волонтерлік жобалар ауылдарда және шалғай елді мекендерде белсенді іске асырыла бастады», - дейді «Birgemiz:Saulyq» жобасының жетекшісі Жәнібек Солтанай.

Денсаулық сақтау саласындағы бастамаларға 30 шағын грант бөлінді

Айта кетейік, «Birgemiz: Saulyq» жалпыұлттық жобасы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша 2024 жылға дейін жүзеге асырылады. Жобаны іске асырудың соңына дейін тағы 60 шағын грант бөлінбек. Жоба операторы-Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы.

Өзгелердің жаңалығы