Өткен тәулікте 158 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

4 Шілде 2022, 08:55
1434
Бөлісу:
Өткен тәулікте 158 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК елімізде ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 3 шілдедегі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 158 жағдай тіркелді.

Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 35, Алматы қаласында - 88, Шымкент қаласында – 6, Ақмола облысында – 4, Алматы облысында - 5, Атырау облысында - 8, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Батыс Қазақстан облысында - 1, Қарағанды облысында - 7, Қостанай облысында - 1, Павлодар облысында - 1, Солтүстік Қазақстан облысында - 1. 

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 307 330 жетті.

 Сондай-ақ 73 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Өзгелердің жаңалығы