Қорғаныс министрі Жаркент гарнизонында болды

4 Шілде 2022, 15:10
1681
Бөлісу:
Қорғаныс министрі Жаркент гарнизонында болды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жетісу облысына жұмыс сапары барысында қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Жаркент қаласында орналасқан бөлімшелердің жай-күйін тексерді.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қорғаныс министрі Жаркент гарнизонында болды

Гарнизон бастығы подполковник Нұрлан Абаев министрге бөлімшелердің мақсаты, жауынгерлік мүмкіндіктері, жасақталуы мен жарақтандырылуы туралы баяндады.

Генерал-полковник Руслан Жақсылықов штаб, полигон, әскери атыс орындары, оқу орталығы корпустары секілді инфрақұрылым нысандарының жай-күйін қарап шығып, әскери қалашықтың тұрғын үй қорымен танысты.

Қорғаныс министрі Жаркент гарнизонында болды

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуына назар аудара отырып, әскери техниканы, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау жағдайын тексерді.

Қорғаныс министрі Жаркент гарнизонында болды

Инспекция нәтижелері бойынша генерал-полковник Руслан Жақсылықов инфрақұрылымды ұстау, оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету, жауынгерлік даярлықты және жалпы қызметтік істі ұйымдастыру бойынша бірқатар міндеттер қойды.

Өзгелердің жаңалығы