Германия Украинаға қауіпсіздік кепілдігін беруді талқылап жатыр

4 Шілде 2022, 10:10
1740
Бөлісу:
Германия Украинаға қауіпсіздік кепілдігін беруді талқылап жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинаға қауіпсіздік кепілдігін беру жағы жіті талқыланып жатыр. Германия канцлері Олаф Шольц жергілікті телеарналардың біріне берген сұхбатында осылай деді. 

Бұл туралы Хабар24 жазды. 

Шольцтың сөзінше, қазір Германия өз одақтастарымен бірге аталған мәселе бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. 

Бір анығы, кепілдік шарттары НАТО-ға мүше мемлекеттерге берілетін қауіпсіздік кепілдігінен өзгеше болады, - деді неміс канцлері. 

Айта кетейік, желтоқсанда канцлер қызметіне кіріскен Шольц  Украинадағы ахуалға қатысты нақты шаралар қабылдамағаны үшін қатаң сынға ұшыраған еді.

Өзгелердің жаңалығы