Сабырхан Махмұт та Елорда кубогының чемпионы атанды

4 Шілде 2022, 15:07
1492
Бөлісу:
Сабырхан Махмұт та Елорда кубогының чемпионы атанды
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласында бокстан өтіп жатқан халықаралық Елорда кубогында жерлесіміз Сабырхан Махмұт чемпион атанды.

54 кг сынға түскен Сабырхан Махмұт қытайлық боксшы Фанг Вомен қолғап түйістірді. Қытайлық боксшы алғашқы екі раундта қарсылық көрсетіп, арасында шабуылға шыққанымен, үшінші рауднта тек қорғанумен болды.

Сабырхан Махмұт та Елорда кубогының чемпионы атанды

Сайыстың қорытындысында төрешілер жеңісті бірауыздан отандасымызға берді.

Айта кетсек, 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында 20 жастағы Махмұд Сабырхан күміс медальді ұтып алған еді. Махмұд Сабырхан финалда жапондық Тамоя Цубойдан ұтылған болатын. 
Әлем чемпионаты барысында мамандар мен жанкүйерлерден жоғары баға алған Сабырхан финалда жастығынан және тәжірибенің аздығынан тізе бүкті деп айтылған еді. Ол Махмұд Сабырхан қатысқан алғашқы әлем чемпионаты еді. 20 жасында әлем чемпионатының финалында сынға түскені де оның талантты боксшы екенін көрсетті. Ал, бүгін Махмұд елорда төрінде жалындай жарқырап, қарсылас шақ келтірмеді.

Сондай-ақ әйелдер арасында 52 кг салмақта өнер көрсеткен Жайна Шекербекова да бүгін чемпион атанды. Жайна финалда  өзбекстандық боксшы Феруза Қазақовадан басым түсті.

Сабырхан Махмұт та Елорда кубогының чемпионы атанды

Финалдағы боксшылар саны бойынша Қазақстан арулары тек Қытайға жол беріп тұр. Пандемияға байланысты ұзақ уақыт шетелдегі турнирлерге қатыса алмаған олар бұл турнирге ерекше құлшыныспен келіпті.

Өзгелердің жаңалығы