Все новости за 11 сәуір 2022
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 12 сәуір күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
-
Қарулы күштерде әскерлерді бақылау тексерісінің екінші кезеңі басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан әскерінде қысқы оқу кезеңінде әскери бөлімдер мен құрамалардың бақылау тексерісі жалғасуда. Әскерлер полигондар мен оқу-жаттығу алаңдарына жиналып, онда бір апта бойы тактикалық оқу-жаттығулар мен жауынгерлік атыстар өткізілетін болады.
-
«Оңтүстіктің» тауарлары 23 мемлекетке экспортталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы (АЭА) құрылған күннен бастап жалпы инвестиция сомасы 54,89 млрд теңгені құрайтын 30 жоба іске асырылды. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қазақстан Президенті Рим Папасы Францинскпен келіссөз жүргізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс режимде Рим Папасы Францискпен келіссөз жүргізді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
ШҚО тұрғындары КВИ-ға қарсы вакцинациядан толықтай өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина-профилактикалық шаралар қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.
-
Ақмола облысында құрғақ шөпті өртеген екі ер адам ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Су тасқынымен қатар облыста дала өрттері басталды, ТЖД қызметкерлері орманды дала алқаптары бойынша профилактикалық рейдтерге шықты.
-
Мүгедектікті белгілеу бойынша 11 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанның барлық өңірлерінен 11 мыңнан астам өтінім қаралды. Қазіргі уақытта жобаға 487 медициналық ұйым қосылған.
-
Әскери теңізшілер порттың диверсияға қарсы қауіпсіздік мәселелерін пысықтауда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Батыл тойтарыс – 2022» оқу-жаттығуы шеңберінде Әскери-теңіз күштері десанттық-шабуылдау батальонының әскери қызметшілері Шекара қызметінің бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, стратегиялық маңызды объектілерді күзету және теңіз портының диверсияға қарсы қауіпсіздігі мәселелерін пысықтауда.
-
Қазақстанда пойыз билеттері қымбаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурыз айының қорытындысы бойынша теміржол тасымалы қызметінің бағасы бір жылда 1,6%-ға өскен, деп хабарлады ranking.kz.
-
Мемлекеттік органдардың отын-энергетика кешенін демонополизациялау жөніндегі ұсыныстары қаралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметі жанындағы Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысында мемлекеттік органдардың отын-энергетика кешенін демонополизациялау жөніндегі ұсыныстары қаралды.
-
Қарқаралы ауданында жаңа әкім тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарқаралы ауданының әкімі болып бұған дейін Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасын басқарған Ерлан Құсайын тағайындалды. Жаңа басшыны аудан мәслихатының кезектен тыс сессиясында өңір әкімі Жеңіс Қасымбек таныстырды.
-
Астаналық азаматша супермаркеттегі сақтау камерасынан ұялы телефон ұрлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астаналық азаматша супермаркеттегі сақтау камерасынан «Айфон 12» ұялы телефонын ұрлап кетті, деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
-
ШҚО-да есірткі жеткізумен айналысқан төрт күдікті ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының полицейлері есірткі заттарын жеткізудің екі арнасының жолын кесу бойынша арнайы операция өткізді, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
СІМ басшысы Еуропалық парламент делегациясын қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Қазақстан Республикасы – Еуропалық одақ» Парламенттік ынтымақтастық комитетінің 19-шы отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген Еуропалық парламент делегациясын қабылдады.
-
Түркістан облысында жыл басынан бері 158 пәтер тоналған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында осы жылдың үш айында 411 ұрлық тіркелген. Оның ішінде 158-і – пәтер ұрлығы, деп хабарлайды Zakon.kz.
-
Ысқақ Егембердиев «Айқын-Литер» ЖШС директоры болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Журналист Ысқақ Егембердиев Nur Media медиахолдингіне қарасты «Айқын-Литер» ЖШС директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды aikyn.kz .
-
Қытайда вирус жұқтырғандар саны артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 27 595 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл COVID-19 пандемиясы кезіндегі жаңа антирекорд.
-
Жезқазғанда «ЭКО әулет» акциясы кезінде қарағай мен үйеңкі отырғызылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жезқазған Іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері мен қала тұрғындары Наурыз саябағында өткен демалыс күндері 50-ге жуық қарағай мен үйеңкі отырғызды.
-
Үкіметте жекешелендірудің кешенді жоспары қаралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен ҚР Үкіметі жанындағы Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
-
Қызылорда облысында мақсары майы өндіріледі
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысында 7 жылдан бері «AB INVEST GROUP» ЖШС сығымдалған бірегей мақсары майын өндіріп келеді.
-
Елордада газға қосылу үшін берілетін әлеуметтік көмек мөлшері артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 сәуірден бастап үйлерді газға қосу үшін берілетін әлеуметтік көмек мөлшері ұлғайтылды. Бұл бастаманы елорда әкімі Алтай Көлгінов ұсынды.
-
Елордада осы аптада қандай іс-шаралар өтеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы аптада елордалық мәдениет мекемелері тұрғындардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізу үшін 20-дан астам іс-шара өткізеді. Қалада концерттер, сүйікті спектакльдердің көрсетілімдері, көрмелер және т.б. өтеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
-
Оқушылар арасында шахматтан әлем чемпионаты өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10-19 маусым аралығында Панама қаласында оқушылар арасында шахматтан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі.
-
Таразда қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қару тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев хабарлады.
-
Алматыда бірыңғай спорт түрлерінен арнайы фестиваль өтті
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда бірыңғай спорт түрлерінен арнайы фестиваль өтті. Бұл туралы Almaty.tv хабарлады.
-
Дзюдодан Азия кубогінде Қазақстан жастар қыздар құрамасы 3 медаль жеңіп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық жас дзюдошылар Азия кубогінде үш қола медаль ұтып алды, деп хабарлады Olympic.kz.
-
Балаларды буллингтен және кибербуллингтен қорғау маңызды міндеттердің бірі – Әшімбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенаты Бюросының мүшелері Палатаның 2022 жылғы 14 сәуірде өтетін отырысының күн тәртібін бекітті.
-
Азық-түлік алғанда қаражатты қалай үнемдеуге болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Азық-түлік бағасын тұрақтандыруға байланысты жұмыстар жүргізіліп жатқанымен тауар бағалары төмендемей тұр. Осыған байланысты бұл материалда азық-түлік алуда денсаулыққа зиян келтірмей қалай үнемдеуге болатынын айтамыз.
-
Республикалық ономастикалық комиссия жаңа облыстардың атауларын бірауыздан мақұлдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 сәуірде Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы республикалық ономастика комиссиясының отырысы өтті.
-
Алты мыңнан астам қарағандылық жұмысқа орналасты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қарағанды облысында 6058 адам жұмысқа орналастырылды.
-
Қазақстан мен Өзбекстан білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығын кеңейтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының өкілдерімен бірге жұмыс сапарымен Өзбекстан Республикасына барды. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Түркістандықтар көпбалалы отбасыға баспана сыйлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістандықтар тағы бір мұқтаж отбасыға баспана сыйлап, қасиетті айда сауапқа кенелді, деп хабарлады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
Былтыр қазақстандық ғалымдар ғылыми жобалардан 346 млн теңгеден аса табыс тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы қазақстандық ғалымдардың 15 ғылыми жобасын экспорттаудан 346 млн теңгеден астам табыс түсті. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Тоғжанов Президентке халықтың табысын арттыру бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановты қабылдады.
-
Семейліктер Ертіс жағасынан мамонттың азу тісін тапты
Алматы, BAQ.KZ. Семей өлкетанушылары Ертіс өзенінің жағасынан мамонт тісін тапты. Бұл туралы «Абай ақпарат» телеграм каналы хабарлады.
-
СІМ: АҚШ Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға әсерін барынша азайтуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. АҚШ тарапы антиресейлік санкциялардың Қазақстан экономикасына ықпалын азайтпақ.
-
Қаңтар оқиғасы. Өңірлердегі арандатушылар анықталып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Жамбылда полиция департаментіне шабуыл жасады деген күдікті ұсталды – Әділов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Полиция қаңтарда ұрланған 340 млн теңгенің мүлкін тәркіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Қаңтар оқииғасы. 377 күдіктіге қатысты қылмыстық іс сотқа берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Бас прокуратураның мәлімдемесі кезінде полицияның қару қолдануы мен 3 снайпердің іздестірілуі айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Әлеуметтік нан бағасы қымбаттамайды – АШМ өкілі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында АШМ Егіншілік департаментінің директоры Азат Сұлтанов мәлімдеді.
-
«Балқаш-Бурылбайтал» және «Күрті-Бурылбайтал» 4 жолаққа дейін кеңейтіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қолайлы ауа райының қалыптасуымен республикалық маңызы бар трассаларда жол-құрылыс жұмыстары басталды. Мәселен, «Балқаш-Бурылбайтал» және «Күрті-Бурылбайтал» жобалары аясында Қарағанды, Жамбыл және Алматы облыстарында асфальтбетон қоспаларынан жасалған жол төсемдері қабаттарын орнату жұмыстары жүргізілуде.
-
24 адам қаза тапты. Бас прокуратура Қызылорда облысында табельді қару не себепті қолданылғанын түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Семейде айыппұлдан жалтарған 93 жүргізуші көліксіз қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей қаласында айыппұлдан жалтарған 93 жүргізуші көліксіз қалды, деп хабарлады Алтайньюс.
-
АҚШ мемхатшысының орынбасары Қаңтар қасіретіне қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. АҚШ Мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары жөніндегі орынбасары Узра Зея қаңтар оқиғасы бойынша жүргізіліп жатқан тергеу барысына қатысты ойымен бөлісті.
-
Алматы әуежайын басып алуға жол берген полиция бастығы ұсталды – Бас прокуратура
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Қаңтар оқиғасы. 12 ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Қазақстанда салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жоба бастау алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР АҚДМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қанат Құлшыманов Премьер-министр баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы болып тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қанат Құлшыманов Премьер-министр баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.
-
Павлодарлық «Бомбей» апатты үй тұрғындарының азабы
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар қаласындағы Затон шағын ауданының тұрғындарын өздерін Үндістанның Бомбей қаласының халқымен салыстырады. Себебі, олардың да үйлерінде не су, жылу мен өзге де коммуналдық игіліктер жоқ.
-
Елімізде 18 мың тонна ұн қоры бар - АШМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров хабарлады.
-
АҚШ мемхатшысының орынбасары Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға әсері туралы пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. АҚШ Мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары жөніндегі орынбасары Узра Зея Ресейге қарсы санкциялардың Қазақстанға әсері туралы пікір білдірді.
-
Әлихан Смайылов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұжымына жаңа басшы – Тамара Дүйсенованы таныстырды.
-
Алик Айдарбаев қызметінен кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алик Айдарбаевтың басқарма төрағасы ретіндегі өкілеттігі берген өтініші бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылды.
-
Ресей импортының тоқтап қалуы ұнның қымбаттауына алып келді – АШМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров хабарлады.
-
Елде ешқандай астық тапшылығы жоқ, қор көлемі жеткілікті – АШМ вице-министрі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров хабарлады.
-
Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 12-14 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
-
Қазақ сарбазының өлімі. Қырғыз Республикасы тергеу іс-шараларын бастады - ҰҚК Шекара қызметі
Нұр-Сұлтан, B
AQ.KZ. 10 сәуірде ҰҚК Шекара қызметі 2 наурызда жоғалып кеткен қатардағы жауынгер Ұлықбек Айдарбекұлы Бердишовты іздеу барысында оның мәйітін тапты.
-
Нан бағасы қымбаттай ма? – АШМ жауабы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында АШМ Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепова мәлім етті.
-
АЕК пен ең төменгі күнкөріс деңгейін арттыру жоспарлануда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржы министрлігі «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын дайындады.
-
Қайырымдылықты не үшін жасау керек?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айында қайырымдылықпен жиі айналысып, оқырманына үнемі садақаның пайдасын айтып жүретін танымал блогер, экономист Дәулет Мұқаевтан сұрап білдік.
-
Эльжана Таниева көркем гимнастикадан әлем кубогінің қола жүлдегері атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық гимнаст Эльжана Таниева әлем кубогі кезеңінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлады Olympic.kz.
-
Қазақстандықтардың 70 пайыздан астамы Тоқаевтың қызметіне оң баға берді – сауалнама
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі ағымдағы жылдың наурыз айында қазақстандықтардың қоғамдық көңіл-күйін талдау мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізді.
-
Теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасы. 10 пайыз сыйақы қалай және қашан төленеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елде доллар өсіп, теңге құнсыздана бастағанда Үкімет пен Ұлттық Банк Теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасы туралы айтып, бірлескен мәлімдеме жасаған болатын. Енді Теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасы деген не? Ол қалай іске асырылады? Оған кімдер қатыса алады? Осы және өзге маңызды сұрақтарға осы мақалада жауап береміз.
-
Алматыда Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған концерт өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 сәуірде сағат 19.00-де Алматы қаласында Құрманғазы оркестрінің концерт залында Қазақстанның Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған «Қазақтың қаһарман қызы» атты мерекелік концерт өтеді.
-
Павлодарда табиғатты қорғау мақсатында су босату жұмыстары басталды
Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде табиғатты қорғау мақсатындағы су босату жұмыстары басталды.
-
Тамара Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
-
Діни басқарма өкілі мектеп оқушыларының ораза ұстауына қатысты пікір білдірді
Алматы, BAQ.KZ. Оқушылардың ораза ұстауына қатысты ҚМДБ түсіндірмесін басқарма өкілі Ағабек Қонарбайұлы Facebook парақшасында жариялады.
-
Кезекші ХҚКО-лар жұмысын қайта бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ .Елдегі шектеу шараларының жойылуына және эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы кезекші ХҚО-лардың жұмысын қайта жандандыру туралы шешім қабылдады.
-
Түркістанда 50 га аумаққа заманауи үлгідегі жылыжай салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында жалпы 1 467,4 гектарды құрайтын 3 366 жылыжай бар.
-
Кеден органдарының қызметкерлері қанша жасында зейнетке шығады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Парламент Мәжілісі депутаттарының 1991–2012 жылдар кезеңінде кеден органдарында қызмет еткен қызметкерлерді зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты жолдаған депутаттық сауалдарына жауап берді.
-
Тергеу изоляторына телефон кіргізбек болған адам ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың тергеу изоляторына бәліштің ішіне телефон жасырып өтпек болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Облыстық білім басқармаларының білім бөлімдерімен тікелей жұмысы бірқатар мәселені шешіп отыр – Тоғжанов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Мәжіліс депутаттарының аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері облыстардың білім басқармаларына есеп берудегі мәселелері туралы сауалына жауап берді.
-
Төлебиде «Бизнес бастау» жобасының түлегі кәсібін дөңгелетіп отыр
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде шағын және орта кәсіпкерлікке барынша қолдау көрсетіліп келеді. Осы ретте, пандемия кезінде болып жатқан кризиске қарамастан мемлекеттен аз да болса қаржылай қолдау алып, шағын кәсіп бастап кеткен жандар аз емес. Соның бірі – «Бастау бизнес» жобасының түлегі, көпбалалы ана, Түркістан өңірі, Төлеби ауданы, Ленгір қаласының тумасы Үрзия Сіргебаева.
-
Біз үшін көпбалалы әскери қызметшілердің орны бөлек – Хансейітов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отбасы тірегі Батырғали Мелдебеков Шымкент қаласындағы 6698 әскери бөлімінде қызмет етеді. Ұлттық ұланға 2008 жылы келген ол материалдық-техникалық қамтамасыз ету ротасының инженерлік күзет құралдарының бөлініс бастығы. Жан-жары Жадырамен 2005 жылы танысқан. Бүгінде олар 7 ұл, 2 қызды өсіріп-тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы. Қара шаңырақта ата-анасымен бірге тұрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қазақстан мен Канада дипломатиялық қарым-қатынастарының 30 жылдығын атап өтуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы мен Канада арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған іс-шаралар кешені шеңберінде осы кезеңдегі елдер арасындағы ынтымақтастықтың жетістіктеріне арналған Қазақстан-Канада онлайн конференциясы өтті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Жамбыл облысында жоғалған сарбаздың мәйіті Қырғызстаннан табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаз 2 наурызда із-түзсіз жоғалған. Андас батыр шекара бөлімшесінен ізім-ғайым жоғалған 19 жастағы қатардағы жауынгер Ұлықбек Айдарбекұлы Бердішевтің мәйіті Қырғызстанда таудан табылды, деп жазады Halyq Uni порталы.
-
Індетке шалдыққан 25 адамның жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 11 сәуірдегі ақпаратты COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жариялады.
-
36 мыңнан астам жүкті әйел екпе салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 сәуірдегі Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 465 962 адам, 2-ші компонентін 9 198 853 адам салдырды.
-
Украиналық босқындар саны 4,5 млн-нан асып кетті – БҰҰ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинада қарулы қақтығыс басталғалы көрші елдерге 4 жарым миллионнан аса адам босып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Өткен тәулікте 7 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 7 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы.
-
Елімізде өткен тәулікте 12 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 12 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Наверх