Қазақ сарбазының өлімі. Қырғыз Республикасы тергеу іс-шараларын бастады - ҰҚК Шекара қызметі

11 Сәуір 2022, 13:11
1599
Бөлісу:
Қазақ сарбазының өлімі. Қырғыз Республикасы тергеу іс-шараларын бастады  - ҰҚК Шекара қызметі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 сәуірде ҰҚК Шекара қызметі 2 наурызда жоғалып кеткен қатардағы жауынгер Ұлықбек Айдарбекұлы Бердишовты іздеу барысында оның мәйітін тапты. 

Жоғалған сәттен бастап Жамбыл, Қызылорда және Алматы облыстарының аумағын қамтыған, оның ішінде Бердишовтың келген туыстарымен бірлесе үздіксіз іздеу іс-шараларының елеулі кешені іске асырылды.

Мемлекеттік шекараны ықтимал кесіп өтуін тексеру үшін Қырғызстанның шекара ведомствосы хабардар етілді.

9 сәуірде Қырғыз Республикасының шекарашылары шекара сызығынан 2 шақырым жерде қалған әскери киім үлгісінің элементтері табылғаны туралы хабарлады.

10 сәуірде ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен табылған заттардың орнын қарау үшін шекара өкілдігімен кездесу ұйымдастырылып, оның барысында Ұ.А. Бердишовтың мәйіті табылды. 

ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, осы факт бойынша Қырғыз Республикасы Шу облысы Панфилов ауданының АІІБ тергеу іс-шараларын бастады.

Алдын ала диагнозы: механикалық асфиксия, зорлық-зомбылық әрекет белгілері жоқ.

11 сәуірде Шекара қызметі мәйітті ата-аналарының тұрғылықты жері бойынша Қызылорда облысына жеткізуді ұйымдастырды. Ұлттық қауіпсіздік органдарының басшылығы мен жеке құрамы Ұ.А. Бердишовтың туғандары мен жақындарына қайғыра отырып көңіл айтады. Қазіргі уақытта Шекара қызметі оларға барлық жағынан, оның ішінде жерлеу іс-шараларын ұйымдастыру бойынша қажетті қолдау көрсетуде, - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Жамбыл облысында жоғалған сарбаздың мәйіті Қырғызстаннан табылғанын хабарлаған едік.

Өзгелердің жаңалығы