Семейліктер Ертіс жағасынан мамонттың азу тісін тапты

11 Сәуір 2022, 15:33
2110
Бөлісу:
Семейліктер Ертіс жағасынан мамонттың азу тісін тапты

Алматы, BAQ.KZ. Семей өлкетанушылары Ертіс өзенінің жағасынан мамонт тісін тапты. Бұл туралы «Абай ақпарат» телеграм каналы хабарлады.

Өткен демалыс күндері «Прииртышье» өлкетанушылар қоғамының мүшелері Ертіс өзенінің бойына, «Мамонттар қорымы» деп аталатын жерге кезекті экспедиция жүргізген болатын.

Экспедиция барысында семейлік өлкетанушылар құмда шығып тұрған мамонт бас сүйектері мен тісін тапқан.

Ол жерде мамонттың тістері мен бас сүйектері табылды. Бірақ, бұл тіс емес, тістің фрагменті ғана. Яғни бұл азу тіс болып табылады. Табылған тіс жас мамонттың тісі болуы мүмкін, себебі тістің көлемі кішкентай, - деді «Прииртышье» өлкетанушылар қоғамының төрағасы Марат Сасанов.
 

Өзгелердің жаңалығы