Алматыда Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған концерт өтеді

11 Сәуір 2022, 12:12
3931
Бөлісу:
Алматыда Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған концерт өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 сәуірде сағат 19.00-де Алматы қаласында Құрманғазы оркестрінің концерт залында Қазақстанның Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған «Қазақтың қаһарман қызы» атты мерекелік концерт өтеді. 

Концерттік бағдарламада Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов, Сұлушаш Нұрмағанбетова, Алтынбек Қоразбаев, Гүлнәр Сиқымбаева, Жұбаныш Жексенұлы, Жеңіс Ысқақова, Игорь Благодарный, Айгуль Иманбаева, Асхат Үрпеков, Шаба, Бауыржан Исаев, Зарина Жакенова сынды әртістер мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрі өнер көрсетеді.

Алматыда Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған концерт өтеді

Айта кетейік, бұл мерейтой 1 наурыз күні Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Қазақ әуендері» АҚ-ның ұйымдастыруымен Елордамыздағы «Қазақстан» концерт залында бастау алған еді. Сол салтанатты концертте Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мырза ЮНЕСКО деңгейінде тойланатын Тұлғалар тізіміне енген даңқты әншінің ғасырлық тойы ресми түрде басталғанын айрықша атап өтіп, мерейтой республика көлеміндегі іс-шараларға ұласатынын айтқан болатын. 

Енді міне, Роза Тәжібайқызы 1960 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін жемісті еңбек еткен Қазақконцерттің Алматыдағы бұрынғы ғимаратында, қазіргі Құрманғазы оркестрінің концерт залында күміс көмей әншінің тамаша әндері шырқалады. 

Өзгелердің жаңалығы