Тамара Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды

11 Сәуір 2022, 11:43
3163
Бөлісу:
Тамара Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын, – делінген Жарлықта.   

Туған жылы: 11.01.1965 жыл  

Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы

Білімі: 1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген. 

Экономика ғылымының кандидаты.

Еңбек жолын 1988 жылы институтты бітірген соң Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында информатика пәні мұғалімі ретінде бастады.

1988-1992 жылы Өзбек КСР Мемлекеттік жоспары жанындағы экономика және нормативтер ҒЗИ экономисті болып қызмет етті.

1992-1993 жылдары - Сарыағаш аудандық әкімшіліктің аға экономисті.

1993-1994 жылдары - «Перизат-холдинг» компаниясының бөлім басшысы. 1994-1997 жылдары - Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары және бірінші орынбасары.

1997-1999 жылдары - Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары.

1999-2002 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2002-2006 жылдары -Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

2006-2008 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2008-2013 жылдары - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы.

2013 жылдың ақпанынан бастап - ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

2013 жылдың маусымынан бастап - ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

2014 жылдың 6 тамызынан бастап - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі.

2018 - 2019 жылдары - «Нұр Отан» партиясының Хатшысы.  

2019 жылдың шілде айынан бастап Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ директоры

2020 жылдың мамырынан Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі 

Марапаттары «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.

 

Өзгелердің жаңалығы