Төлебиде «Бизнес бастау» жобасының түлегі кәсібін дөңгелетіп отыр

11 Сәуір 2022, 10:39
3327
Бөлісу:
Төлебиде «Бизнес бастау» жобасының түлегі кәсібін дөңгелетіп отыр
PHOTO
Фото: автордан

Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде шағын және орта кәсіпкерлікке барынша қолдау көрсетіліп келеді. Осы ретте, пандемия кезінде болып жатқан кризиске қарамастан мемлекеттен аз да болса қаржылай қолдау алып, шағын кәсіп бастап кеткен жандар аз емес. Соның бірі – «Бастау бизнес» жобасының түлегі, көпбалалы ана, Түркістан өңірі, Төлеби ауданы, Ленгір қаласының тумасы Үрзия Сіргебаева. 

2017 жылдан бастап Үрзия Серікқызы өзінің тұрғылықты жері Ленгір қаласындағы балаларды ата-аналарының өтініші бойынша үйлеріне барып оқытып жүреді. Кейіннен Ленгір қаласы әкімдігінің көгалдандыру бөліміне жұмысқа тұрып, қоқыс тазалаумен және гүл көшетін егумен айналысады. Осы аралықта олар 2020 жылы отбасымен Ленгір қаласындағы бірінші мөлтекауданға қоныс аударады. Гүл егіп жүріп, арасында балаларға сабақ беруін де тоқтатпай жалғастыра береді. 

Төлебиде «Бизнес бастау» жобасының түлегі кәсібін дөңгелетіп отыр

Үрзия Сіргебаеваның айтуынша, ол көшіп келген мөлтекауданның ғимараты ескі болатын. Ғимарат иесі Ұлбосын Айтпенбетова ескісін бұзып, жаңасын салады да Үрзияға көше-көшені аралап жүргенше, ол балалардың бәрін бір жерге басын қосып, жинап оқыту туралы ұсыныс жасайды. Ғимарат иесі алдын «Бизнес бастау» жобасына қатысып, 250 мың теңге грант ұтып алған екен. Ол Үрзияға «Мемлекет ұсынып тұрған грантқа тапсырып, өз кәсібіңді баста» деп кеңес береді. 2020 жылы ғимарат иесі оған көпбалалы ана екенін ескеріп, бір кабинетті тегін жалға береді. 

Бастапқыда заңды түрде ашылмаған орталықтың жұмысын Үрзия Серікқызы ксерокспен көшірме қызметін көрсетуден және базарда азын-аулақ киім сататын жердегі тауарын әкеп сатудан бастайды. Кейіннен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына Жұмыспен қамту орталығы арқылы өтініш тастап, 2020 жылы онлайн бизнестің сабағына кіріседі. 

Төлебиде «Бизнес бастау» жобасының түлегі кәсібін дөңгелетіп отыр

Ковидтің өршіп тұрған уақыты еді. Қатты ауырып қалдым. Маған ол жердегілер үш күн оқуға қатыспасаңыз автоматты түрде шығарыласыз деп айтты. Содан қалайда оқуым керек деп намысқа тырысып, дәрі-дәрмегімді ішіп, оқуды 21 күнде аяқтадым. Оқу барысында өзімнің кәсібіме қажетті ең маңызды ақпараттарды алдым. Алдын кәсібін жаңа бастағандарға салықтан, санэпидемиология басқармасынан жиі тексерулер келіп, жабылып қала береді дегенді еститінмін. «Бизнес бастау» жобасынан алған көптеген ақпаратым ашқан кәсібіме жарады. Бізге сабақта салықтан, «сэстен» үш жылға дейін келіп тексермейтінін айтты. Себебі, бизнесті заңды түрде аштым. Көпбалалы аналарға біраз жеңілдіктер барын білдім. Қазір сақтандыру төлемеймін, бар болғаны алты айлық есеп пен әлеуметтік аударымдарды ғана төлеп отырамын, - дейді ол.

Төлебиде «Бизнес бастау» жобасының түлегі кәсібін дөңгелетіп отыр

Өздеріңіз білесіздер, елімізде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш жылға табыс салығын төлеуден босатылған. Үрзия Серікқызы «Бастау бизнес» курсын 2020 жылы мамыр айында аяқтап, сертификат алады. Содан кейін Жұмыспен қамту орталығына барып, бизнес жоспарын тапсырады. 2021 жылы наурыз айында 583 мың теңге көлемінде грант ұтады. Ол гранттың ақшасына ноутбук, принтер, кітап тесетін переплет, ламинатор, теледидар сияқты қажетті техникалық жабдықтар сатып алады. 

Төлебиде «Бизнес бастау» жобасының түлегі кәсібін дөңгелетіп отыр

Проектор аламын деп ойлағанмын, алайда оның адам денсаулығына зиян екенін білген соң теледидар алдым. Одан бөлек, маған онлайн сабақ жүргізуге керек деп графикалық планшет алдым. Алған ақшам біраз заттарды сатып алуға жетті. Әлі де осы оқу орталығын кеңейте түссем деген ниетім бар. Жалпы, кәсіп бастаушыларға айтарым, оның еш қиындығы жоқ. Орталықтың ашылғанын ата-аналар балаларынан және бір-бірінен естіп осында келіп жатыр. Мұнда көпбалалы отбасылардың балалары тегін оқиды. Егер бір отбасынан екі бала келетін болса, екіншісі 25 пайыз жеңілдікпен оқиды. Көпбалалы емес отбасылардың балалары толық төлеп оқиды. Қазіргі таңда өзімізді өзіміз қаржыландырып отырмыз, - дейді орталықтың негізін қалаушы Үрзия Сіргебаева. 

Төлебиде «Бизнес бастау» жобасының түлегі кәсібін дөңгелетіп отыр

Ол өз сөзінде кәсіпкерлер арасында бәсекелестері барын, бірақ олармен жауласпайтынын, керісінше бір-бірімен өзара тәжірибе алмасып тұратынын айтты. Мәселен, «Серік» орталығының балалары өзге орталықтарға барып, білімін сынап келеді, ол жердегі балалар осында келіп, білімін тексеріп көре алады. 

Өзімнің бәсекелестеріммен дұшпан емес, дос болуға тырысамын. Өйткені, Ленгір кішкентай ғана қалашық қой. Олармен қазір өз арамызда келісішартқа отырып жатырмыз. Орталықты жарналамаймыз, бір-бірімізге оқушыларды білім алмасуға жібереміз. Алда жоспарымызда жарыс ұйымдастыру бар, - деді ол.

Төлебиде «Бизнес бастау» жобасының түлегі кәсібін дөңгелетіп отыр

Орталықта жақында жаңадан қолөнер бөлімі ашылып, сондағы оқушылардың бәрі тегін оқып жатыр. Балалар оригами, сабын өнері, бисер, тігін өнерін үйренуде. Бұл айда бисер сабақтары өтіп жатыр.

Біз онлайн сабақ өтуге де дайынбыз. Қазақстанның түкпір-түкпірінен оқып жатқан оқушылар бар. Орталықта дәл қазір 35 оқушы тегін білім алуда. 50 пайыз жеңілдікпен оқып жатқан оқушылар саны шамамен – 15, 25 пайыз жеңілдікпен оқып жатқандар саны – 10, толық төлеммен оқып жатқандар саны әруақытта әртүрлі, кейде азаяды, кейде көбейді, әзірге 30 оқушы. 

Төлебиде «Бизнес бастау» жобасының түлегі кәсібін дөңгелетіп отыр

Карантин шектеулері кезінде кейіпкеріміз тығырықтан қалай шыққанын да айтып берді. 

Карантин уақытысында көптеген бәскелесімнің ашқан орталықтары жабылып қалды. Мен әкімшілікке барып «Көпбалалы анамын, үйде отырғанда бала-шағамды қалай асыраймын?» деп өтініш жаздым. Сонымен олар маған арақашықтықты сақтай отырып, оқытуға рұқсат берді. Бір топта бес оқушыдан артық болмайды. Қазір карантин шектеулері жоқ болса да топта бес оқушыдан артық адам болмайтын ереже сақталып қалды. Антисептик, дәрі-дәрмек қойып қойдық. Аудан әкімдігіне, Жұмыспен қамту орталығындағы Болат Шәріповке, Қайырғали мен Нұриддин мырзаларға алғысымды айтқым келеді. Кәсіпкерлерді қолдау үшін телеарна мен баспасөз тілшілерін шақырды, сол жарнамадан кейін келуші оқушылардың саны көбейді, - деді ол.

Орталықта ағылшын, орыс араб, қазақ тілдері, менталды арифметика, математика, жылдам оқыту, әліппе, логопед-дефектолог, массажист бар.

Төлебиде «Бизнес бастау» жобасының түлегі кәсібін дөңгелетіп отыр

Менің өнімдерімді 6 жастағы балалардан бастап пайдалана алады. Бәріміз бірге тату-тәтті жұмысымызды жүргізіп жатырмыз. Жаңадан кәсіп ашқысы келетіндерге «көз қорқақ, қол батыр» дегім келеді. Бұл жерде кәсібімді нөлден бастадым. Ұлбосын Айтпенбетова апайымның «Неге базарда, одан қалса гүл егіп жүрсің? Алған біліміңді пайдаланбайсың ба?» деп сөзбен қайрап, жігер бергені жақсы болды. Әйтпесе, әлі де жүре берер ме едім... 

Үрзия Серікқызы жалпы кәсібін тәуекел етіп бастағанын, қарызға принтер алып, оқушыларды жинап бастап кеткенін, мемлекеттің де шағын бизнесті қолдауы жақсы көмектескенін атап өтті. Бір айта кетерлігі, орталықта тек көпбалалы отбасының балаларын ғана емес, жақсы оқитын балаларды да ынталандырып, тегін оқуға ауыстырып тұрады.   

Төлебиде «Бизнес бастау» жобасының түлегі кәсібін дөңгелетіп отыр

«Серік» білім орталығында оқу ақысы айына – 12 мың теңге. Аптасына үш рет оқиды. Қазіргі таңда алда жаз айы келе жатқандықтан екі айға жеңілдікпен бес мың теңгеге балаларды ойнату арқылы марафон ұйымдастырып жатыр. Ал «Серік» білім орталығында оқымайтын басқа шет жақтағы оқушыларға екі айға бар болғаны 10 мың теңгеден ұсынуда. Онда оқушылар аптасына үш рет келеді. Жылдам оқыту, шешендік өнері, жұма күні ағылшын тілінде еркін сөйлеуді ауызша ойын арқылы өткізеді. Мұның бәрі де оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізу және арасында серуендеу мақсатында жасалып жатыр деп атап өтті орталық басшысы Ү.Сіргебаева. 

Төлебиде «Бизнес бастау» жобасының түлегі кәсібін дөңгелетіп отыр

Менде мысалы былтыр келген оқушылар ағылшын тілін жақсы меңгергендіктен тегін және жеңілдікпен оқиды. Ал арасында бір келіп, бір келмеген оқушыларым 50 пайыз жеңілдікпен оқып жатыр, себебі ағылшын тілінің 8 деңгейі бар, соның 2-3 деңгейін өткендер бар. 

Төлебиде «Бизнес бастау» жобасының түлегі кәсібін дөңгелетіп отыр

Айта кетейік, «Серік» білім орталығының нәтижелері жаман емес, Жуырда орталықтың оқушылары менталды арифметикадан Түркістанда өткен жарыстан 2 орын алып келді. Сонымен қатар, орталық Төлеби ауданы әкімдігінен алғыс хат алды. 

Өзгелердің жаңалығы