Әлеуметтік нан бағасы қымбаттамайды – АШМ өкілі

11 Сәуір 2022, 15:03
2552
Бөлісу:
Әлеуметтік нан бағасы қымбаттамайды – АШМ өкілі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында  АШМ Егіншілік департаментінің директоры Азат Сұлтанов  мәлімдеді. 

Әлеуметтік нан бағасына Үкімет тарапынан реттеліп, мониторинг жүргізіліп отыратыны белгілі. Бірінші сұрыпты ұннан жасалатын нанға ерекше назар аударған жөн. Оның бағасы өңірлерде тұрақты, ол қымбаттамайды да, себебі қымбаттатуға негіз жоқ, - деп атап өтті департамент директоры.

Сондай-ақ АШМ өкілі егер аймақтардағы кәсіпорындарда шикізат тапшылығы орын алса немесе астық бағасы күрт қымбаттаса, астық құнын субсидиялау бағдарламасы қосылатындығын алға тартты. 

Осы орайда айта кететін жайт, егер баға қымбаттаған жағдайда астық «Азық-түлік корпорациясы» ресурстарынан жіберілетін болады. Ал өңірлердегі нан бағасы оны қазіргі бағамен өндіруге мүмкіндік беретіндей мөлшерде бекітілген. Айырмашылық мемлекет тарапынан субсидияланады. Қазіргі таңда әлеуметтік нан бағасын қымбаттатуға алғышарт жоқ. Ал басқа нан өнімдеріне келер болсақ, олардың бағасы шикізаттың бағасына қарай өзгереді, - деді  Азат Сұлтанов. 

Өзгелердің жаңалығы