Елордада осы аптада қандай іс-шаралар өтеді?

11 Сәуір 2022, 18:27
1339
Бөлісу:
Елордада осы аптада қандай іс-шаралар өтеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Осы аптада елордалық мәдениет мекемелері тұрғындардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізу үшін 20-дан астам іс-шара өткізеді. Қалада концерттер, сүйікті спектакльдердің көрсетілімдері, көрмелер өтеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың Мемлекеттік Академиялық филармониясында 13 сәуір күні сағат 18:30-да филармонияның дәстүрлі әншілердің «Ән самалы» концерті өтеді. Түстен кейін вокалды және аспаптық музыка кеші өтеді, онда әртістер Роберт Шульманның шығармаларын орындайды.

«Жастар» сарайында 15 сәуірде ересектер мен балаларға арналған құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кешенді жоспар аясында онлайн викторина өткізіледі.

М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры осы аптада бес спектакль көрсетеді. 12 сәуірде С.Матвеевтің «Наедине с Пушкиным», ал күндіз А.Касонның «Дикарь. Третье слово» спектакльдерінің көрсетілімі өтеді. 14 сәуірде Д.Фо мен Ф. Раманың «Жизнь без…» тұрмыстық сюрреализмін көруге болады. 16 сәуір күні түстен кейін жас көрермендер үшін М.Супониннің «Коза-Дереза» ертегісінің көрсетілімі, кешке А.Островскийдің «Гроза» драмасы өтеді.

12 сәуірде «Наз» мемлекеттік би театры ғарышкерлер күніне арналған «Ғарыш және Қазақстан» іс-шарасын өткізеді.
Демалыс күндері 15-17 сәуір аралығында елордалық қуыршақ театры Г.Х. Андерсеннің Т.Хасанғалиеваның қойылымындағы «Тумбелина» ертегісіне шақырады.

12 сәуірде «Жастар» театры С.Дүйсенбиевтің «Махаббат миниатюралары» атты театрландырылған концерттік бағдарламасын көрсетеді, ал кешке көрермендерді Н.Жақыпбайдың «Қысқы ән» концерттік бағдарламасы күтеді. 15 және 16 сәуірде сахнада К.Мұраттың «Қиянат» драмасы ұсынылады.

Музыкалық жас көрермен театрында 15 және 17 сәуір күндері сағат 19:00-де «Табысты іс» спектаклі өтеді.

Үш күн ішінде – 11-13 сәуір аралығында Nomad City Hall залында «Nobel fest – IV» мәдени шарасы өтеді. 14 сәуірде сахнада «Әштен» спектаклі көрсетіледі, ал 16 сәуірде Көңілді Тапқырлар Лигасы аясында «Білім-иновация» лицейінің оқушылары өнер көрсетеді.

Елорда кітапханаларында бір апта бойы орталықтандырылған кітапхана жүйесі ұйымдастырған түрлі интерактивті және танымдық іс-шаралар өткізіледі. Олардың қатарында әдеби сағаттар, кездесулер мен тақырыптық әңгімелер, кітаптар мен сурет көрмелері бар.

11 сәуірде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ұлт ұстазы» атты әдеби кеш ұйымдастырады.

12 сәуірде Сәкен Сейфуллин мұражайында Т.Момбековтің 100 жылдығына орай «Күй құдіреті» атты дөңгелек үстел өтеді. 14 сәуірде мұражайдың әлеуметтік желілерінде оның залдарын онлайн экскурсиялауға баруға болады. 15 сәуірде Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған онлайн дәріс өтеді.

«Ойшыл, ақын, мемлекет қайраткері Жүсіп Баласағұнидің туғанына 1005 жыл» онлайн сабағын желі қолданушылары 11 сәуірде «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының аккаунтынан көре алады.

Өзгелердің жаңалығы