Павлодарлық «Бомбей» апатты үй тұрғындарының азабы

11 Сәуір 2022, 14:19
2478
Бөлісу:
Павлодарлық «Бомбей» апатты үй тұрғындарының азабы
PHOTO
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар қаласындағы Затон шағын ауданының тұрғындарын өздерін Үндістанның Бомбей қаласының халқымен салыстырады. Себебі олардың да үйлерінде не су, жылу мен өзге де коммуналдық игіліктер жоқ.

Әрқайсысы 16 пәтерден тұратын бес екіқабатты үйлер кезінде дүркіреп дамыған кеме жөндеу зауытының қызметкерлері үшін салынған. Араға 70 жыл өте шықты. Сол жұмыскерлердің көбі көшіп кеткен. 

Павлодарлық «Бомбей» апатты үй тұрғындарының азабы
Павлодарлық «Бомбей» апатты үй тұрғындарының азабы

Қабырғалары сөгіліп, төбесі құлаған үй тұрғындарының айтуынша, кезінде коммуналдық желілердің барлығы жұмыс істеп тұрған. Уақыт өте келе жылу мен кәріз жүйелері істен шығып кеткен. Салдарынан баспаналарда жарықтан басқа ештеңе қалмаған. Амалы қалмаған тұрғындар екі қабатты үйдің ауласынан дәретхана қазып, жақын маңдағы құдықтан шелектеп су тасуға мәжбүр.

Павлодарлық «Бомбей» апатты үй тұрғындарының азабы
Павлодарлық «Бомбей» апатты үй тұрғындарының азабы

Жолдасым техник-шебер болып жұмыс істеді. 20 жыл бұрын осы жерден пәтер берілді. Өзіміз зейнеткерміз. Осыдан бір шықырымдай жерде тұрған құдықтан су тасимыз. Үйде пеш жағамыз. Бұл қауіпті. Баспана ағаштан салынғандықтан, түнде ұйықтаудың өзі қорқынышты. Бірнеше жыл бұрын бір пәтер отқа оранып, көршіміз қайтыс болған. Бізге 2023 жылы жаңа үй береміз деп айтқан. Бірақ бәрі өтірік болып шықты, - дейді тұрғын Саттар Михешев. 

Қазіргі уақытта төбесі құлаған үйлерде көпбалалы отбасылар, мүгедектер тұрады. Бірнеше жыл бұрын жергілікті билік өкілдері тұрғындармен кездесіп, ортақ проблема төңірегінде ой бөліскен. Көшіру туралы уәде де айтылған. Бірақ жағдай өзгерген жоқ.

Павлодарлық «Бомбей» апатты үй тұрғындарының азабы

Павлодар қаламы әкімдігі өкілдерінің айтуынша, нысанды апатты деп тану үшін тұрғындар өз күштерімен сараптамалық бағалау жүргізу қажет. Ол үшін бұл қызметке лицензиясы бар кәсіпорындардың көмегіне жүгіну керек.

Павлодарлық «Бомбей» апатты үй тұрғындарының азабы

Затон шағын ауданындағы бірде бір үй апатты деп танылмаған. Тұрғындар техникалық сараптама жасау керек. Бұған дейін баспана салу бойынша инвесторларға ұсыныс жасалған. Яғни, үйлерді сүріп, орнына жаңасын салу. Бірақ, ешқандай шешім қабылданбады, - дейді Павлодар қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Салтанат Әкімбекова. 

Жуырда тұрғындар тағы бір мәселеге тап болды. Онсыз да құлағалы тұрған үйлердің ауласына ауыр техника келді. Құрылысшылар 1000 шаршы метрлік аумақта үш қабатты үй салатындарын жеткізген. Дегенмен, әкімдік өкілдері бұдан бейхабар болып шықты. Ал тұрғындар даладағы дәретханаларынана айырылуы мүмкін. 

Павлодарлық «Бомбей» апатты үй тұрғындарының азабы
Павлодарлық «Бомбей» апатты үй тұрғындарының азабы

Айта кетейік, қазіргі уақытта облыс орталығында апатты деп танылмаған 44 үй бар. 400-ден астам тұрғын әр күнін қорқынышпен өткізуге мәжбүр.

Павлодарлық «Бомбей» апатты үй тұрғындарының азабы
Павлодарлық «Бомбей» апатты үй тұрғындарының азабы
Өзгелердің жаңалығы