ШҚО-да есірткі жеткізумен айналысқан төрт күдікті ұсталды

11 Сәуір 2022, 20:00
1344
Бөлісу:
ШҚО-да есірткі жеткізумен айналысқан төрт күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының полицейлері есірткі заттарын жеткізудің екі арнасының жолын кесу бойынша арнайы операция өткізді, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде бірнеше күн ішінде елдің шығыс аймағында канабиоидты есірткіні әкелу мен сатуды ұйымдастырған 30-45 жас аралығындағы төрт ер адам ұсталып, қамауға алынды. Олардың екеуі гашишті Өскемен қаласына, ал қалған екеуі Зайсан ауданына жеткізіп отырғаны анықталды. 

Олардың тұрғылықты жерлерін тінту кезінде шамамен 5 келі гашиш, сондай-ақ есірткіні сатудан түскен ақша қаражатының үлкен сомасы тәркіленді. 

Барлық төрт күдіктіге қатысты сот «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады, олардың іс-әрекеттері ҚР ҚК-нің 293-бабы бойынша сараланады, оның санкциясымен 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, – деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.
 

Өзгелердің жаңалығы