Семейде айыппұлдан жалтарған 93 жүргізуші көліксіз қалды

11 Сәуір 2022, 14:54
1736
Бөлісу:
Семейде айыппұлдан жалтарған 93 жүргізуші көліксіз қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей қаласында айыппұлдан жалтарған 93 жүргізуші көліксіз қалды, деп хабарлады Алтайньюс.

Өткен аптада қала аумағында тәртіп сақшылары, жеке сот орындаушылары және прокуратура өкілдерінің қатысуымен «Айыппұл төле» шарасы өткізілген болатын.

Шара аясында 57 767 279 теңге қарызы бар айыппұлдан жалтарған 3826 адамның тізімі полицияға жолданған.

«Айыппұл төле» шарасы барысында 1,1 млн теңгеден астам 110 әкімшілік айыппұл өндіріп алынды. Жеке сот орындаушыларына жалпы сомасы 3 767 122 теңгені құрайтын 226 қаулы жіберілді. Жалпы апта ішінде әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша берешегі бар 93көлік арнайы автотұраққа қойылды, - дейді Семей қалалық ПБ баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы