АҚШ мемхатшысының орынбасары Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға әсері туралы пікір білдірді

11 Сәуір 2022, 14:03
2664
Бөлісу:
АҚШ мемхатшысының орынбасары Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға әсері туралы пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. АҚШ Мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары жөніндегі орынбасары Узра Зея Ресейге қарсы санкциялардың Қазақстанға әсері туралы пікір білдірді.

Біз екіжақты қарым-қатынастың 30 жылдығын тойлап жатырмыз. Мен Қазақстанмен қарым-қатынасты тереңдетуге ниетті екенімізді растағым келеді.  Бүгін  біршама сындарлы және жемісті диалог болды.  Мен АҚШ-тың 16 наурызда жарияланған Тоқаевтың саяси күн тәртібін қолдайтынымды тағы да айтқым келеді. Бұл бастамалар жүзеге асса, ол Қазақстанның барша қазақстандықтар үшін әділ әрі инклюзивті орынға айналуына көмектеседі. Орталық Азиядағы тұрақтылық пен өркендеуді ілгерілету мақсатымызда Қазақстанның орны ерекше, - деді Зея СІМ өткен баспасөз мәслихатында.

 Сондай-ақ Узра Зеяның айтуынша, санкциялар Ресей Федерациясының президенті мен сол мемлекеттердің кейбір азаматтарына қарсы бағытталған.

Қазір бәріміз Ресейдің Украинаға себепсіз және әділетсіз басып кіруіне байланысты халықаралық дағдарысқа тап болып отырмыз. Біз әлем елдерінің дер кезіндегі жауабын көрдік. Ресейге қатысты бірқатар санкцияны шұғыл ұсынды. Олар қызметкерлер мен серіктестерге, оның Қазақстанға теріс ықпалын қысқартуға бағытталған. Біздің санкциямыз президент Путинге және халықаралық саясатты тұрақсыздандыруға жол берген немесе соғысқа қарсы шыққан ресейліктерді басып-жаншуға тартылған РФ кейбір тұлғаларына қарсы бағытталып отыр , - деп түйіндеді  У.Зея.

Өзгелердің жаңалығы