Қытайда вирус жұқтырғандар саны артты

11 Сәуір 2022, 19:26
1372
Бөлісу:
Қытайда вирус жұқтырғандар саны артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 27 595 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл COVID-19 пандемиясы кезіндегі жаңа антирекорд.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, бұл көрсеткіш алдыңғы күнмен салыстырғанда 15,3%-ға жоғары, ал дәл бір апта бұрын тіркелген деректен екі есе көп.

Қытайдың гигиена және денсаулық сақтау мемлекеттік комитетінің мәліметі бойынша, 10 сәуірде ауруды жұқтырғандар арасында тек 1184 адамның қызуы көтеріліп, жөтел және әлсіздік байқалса, қалған 26 411 адам – симптомсыз ауырғандар. COVID-19 жұқтырған арасындағы тек 86-сы шетелден келгендер екен.

Өзгелердің жаңалығы