Қазақстанда салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жоба бастау алды

11 Сәуір 2022, 14:39
1921
Бөлісу:
Қазақстанда салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жоба бастау алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР АҚДМ баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы АБҚО гранты бойынша жүзеге асқалы жатқан Fitness Park.KZ әлеуметтік жобасы жастарды салауатты өмір салтын ұстануды баулуға бағытталған.

Гранттық жоба жастар арасында салауатты өмір салтын, бұқаралық спортты, дене шынықтыру мен дұрыс тамақтануды насихаттау мақсатында жүзеге асырыла бастады.

Fitness Park.KZ бағдарламасын әзірлеушілер, дене шынықтыру және спорт мұғалімдері, жаттықтырушылар мен фитнес нұсқаушылар жоба аясындағы шеберлік сағаттарының спикерлері мен қатысушылары атанады. Бұқаралық жаттығулар мен шеберлік сабақтарына ұйымдастырушылар 2000-ға жуық жас қазақстандықты жұмылдырмақ.

Осылайша, жоба шеңберінде балалар мен жастар арасында «Спорт – бұл өмір», «Спорт әрқашан менің өмірімде», «Табысты адам – спортпен айналысатын адам», «Жаттығу және денсаулық», «Sport like», «Sport Style» трендтер насихатталатын болады.

Салауатты өмір салтын барлық тұрғындар, әсіресе өскелең ұрпақ өкілдері ұстануы қажет. Бұл әсіресе, пандемия кезінде үлкен маңызға ие болды. Оқушылар онлайн-оқыту форматына ауысып, отырықшы өмір салтын жүргізе бастады. Спортпен айналысу үшін абонемент алудың қажеті жоқ. Жаттығуларды әр ауладағы алаңдарда да жасауға болады. Сондай-ақ дұрыс тамақтану да маңызды, – дейді «Серғали-Түркістан» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Шолпан Усманова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба аясында, сондай-ақ кәсіби жаттықтырушылардың қатысуымен бейнероликтер дайындалып, жобаның әлеуметтік парақшасында жарияланбақ.

Өзгелердің жаңалығы