Жамбылда полиция департаментіне шабуыл жасады деген күдікті ұсталды – Әділов

11 Сәуір 2022, 15:14
2093
Бөлісу:
Жамбылда полиция департаментіне шабуыл жасады деген күдікті ұсталды – Әділов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

29 наурызында Жамбыл облысы полиция департаментінің ғимаратына шабуыл жасады деген күдікпен Тараз қаласының тұрғыны ұсталды, ол ағымдағы жылдың 6 қаңтарына қараған түні әкімшілік ғимараттың қоймасынан оқ қорапшасы бар 4 Макаров тапаншасын, 7,62 мм калибрлі 120 патронды және 12 калибрлі 11 аңшылық патронды ұрлап кеткен, - деді Санжар Әділов. 

Оның айтуынша, ұрланған қару күдіктінің тұрғылықты жері бойынша жеке үйдің ауласында жабдықталған қоймадан алынды.

Тараз қаласының тағы бір тұрғыны, жаппай тәртіпсіздіктердің белсенді қатысушысы, тергеу іс-шаралары барысында Жамбыл облысы ПД-нен өзі ұрлаған қаруды сақтаған екі қойманы көрсетті.Тараз қаласының шетіндегі тінту іс-шаралары барысында далада көмулі екі қорап оқсауыты толық «Калашников» автоматы табылды, - деді ол. 

Ол атап өткендей, осы облыстың Байзақов ауданындағы екінші қоймадан төрт оқсауыты бар «Макаров» тапаншасы, екі травматикалық тапанша, 7,62 мм калибрлі 120 патрон табылып, тәркіленді.

Ауыр қылмыс жасаған күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы