Әскери теңізшілер порттың диверсияға қарсы қауіпсіздік мәселелерін пысықтауда

11 Сәуір 2022, 21:08
1734
Бөлісу:
Әскери теңізшілер порттың диверсияға қарсы қауіпсіздік мәселелерін пысықтауда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Батыл тойтарыс – 2022» оқу-жаттығуы шеңберінде Әскери-теңіз күштері десанттық-шабуылдау батальонының әскери қызметшілері Шекара қызметінің бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, стратегиялық маңызды объектілерді күзету және теңіз портының диверсияға қарсы қауіпсіздігі мәселелерін пысықтауда. 

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әскери теңізшілердің оқу-жаттығудағы тапсырмаларына Каспий теңізінің қазақстандық секторында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына қол сұғылмаушылықты, аумақтық тұтастығын, егемендігі мен экономикалық мүдделерін қорғау кіреді. 

Осыған байланысты, Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері шекарашылармен бірлесіп, бақылау-өткізу режимін қадағалап, теңіз порты аумағына келетін көліктерге тексеру жүргізеді. Корабльдер мен жағалау объектілерінде кезекшілік және вахталық қызметтерді атқару кезінде қырағылық күшейтіледі.

«Батыл тойтарыс – 2022» кешенді ведомствоаралық стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы ел Президентінің армияның жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру, күштік құрылымдар арасындағы тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету, олардың жедел және әскери-техникалық үйлесімділігін жолға қою жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде өткізіледі.

Өзгелердің жаңалығы