Елімізде 18 мың тонна ұн қоры бар - АШМ

11 Сәуір 2022, 14:05
2821
Бөлісу:
Елімізде 18 мың тонна ұн қоры бар - АШМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров хабарлады.

Оның айтуынша, ішкі нарықтағы нақты жағдайды бағалау үшін министрлік  Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өңірлерде бидай қорын түгендеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Осылайша, ішкі нарықты әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларымен  толықтыру бойынша іс-шараларды Үкімет қабылдайды. 7 сәуірдегі жағдай бойынша, 118 мың тонна ұн қоры бар. Соның ішінде, тұрақтандыру қорларында - 10,4 мың тонна, «айналым схемасы» аясында – 22 мың тонна, өндірушілерде – 48,6 мың тонна, қоймаларда – шамамен 20 мың тонна және сауда объектілерінде – 18 мың тонна бар. Бұл көлем ішкі қажеттілікті қамтамасыз етуге толықтай жетеді, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сонымен қатар Азық-түлік корпорациясының қорында 800 мың тоннадан астам бидай бар. 

Бұл қор қажет болса жағдайды тұрақтандыру үшін ішкі нарыққа жіберіледі. Қазіргі уақытта 275 мың тонна көлеміндегі бидайды ұн өндіретін кәсіпорындарға арзан бағада өткізу жүзеге асырылып жатыр, - деді вице-министр. 

Өзгелердің жаңалығы