Алматыда бірыңғай спорт түрлерінен арнайы фестиваль өтті

11 Сәуір 2022, 17:46
1538
Бөлісу:
Алматыда бірыңғай спорт түрлерінен арнайы фестиваль өтті

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда бірыңғай спорт түрлерінен арнайы фестиваль өтті. Бұл туралы  Almaty.tv хабарлады.

Шараға 150-ден астам атлет қатысып, көпшілік алдында өнер көрсетті. Олардың арасында ауыр затты көтере алатын алып күш иелері мен брейк-дансшылар және баскетболшылар бар.

Өткен демалыста спортпен әуесқой және кәсіби түрде шұғылданатындар арасында ерекше сайыстар  өтті. Көпшілік назары пауэрлифтингшілер мен стронгменшілерге ауды. Атлеттер салмағы 300 келі ауыр дөңгелекті көтеріп, көрерменді таңдай қақтырды. Ұйымдастыршылардың айтуынша, соңғы уақытта аталмыш спорт түрі елімізде кеңінен танылып келеді.  

Әуесқой спортшылар мен қәсіпқойларды осында бағын сынауға шақырамын. Осындай шаралар арқылы халыққа танылып, үнемі бабында жүреді. Негізгі мақсат – спортшыларға қолдау білдіріп, әрі қарай биікке ұмтылуына жағдай жасау, – деді ұйымдастырушы Марат Шалабаев.

Ал пауэрлифтингтен әйелдер арасында бәсеке өте тартысты өтті. Қатысушылар ауыр темірді көтеріп, жарыстың көркін қыздырды. Одан бөлек фестивальде баскетбол мен күш сынасудан және брейк-данстан жарыс өтіп, жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болды.  

Турнир жоғары деңгейде өтіп жатыр. Кіл мықтылар жиналды. Рамазан айында көңіл-күй көтеріңкі жүргенге не жетсін!  Бәсекеде қалай да топ жаруға тырысамыз, – деді жарысқа қатысушы Айхан Сенімсейіт.
 

Өзгелердің жаңалығы