Дзюдодан Азия кубогінде Қазақстан жастар қыздар құрамасы 3 медаль жеңіп алды

11 Сәуір 2022, 17:42
1809
Бөлісу:
Дзюдодан Азия кубогінде Қазақстан жастар қыздар құрамасы 3 медаль жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық жас дзюдошылар Азия кубогінде үш қола медаль ұтып алды, деп хабарлады Olympic.kz.

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында дзюдодан жастар арасында Азия кубогі мәресіне жетті. Қазақстан жастар қыздар құрамасы аталған құрлықтық бәсекені үш қола жүлдемен аяқтады. 

Атап айтқанда, Ұлдана Үсейн (57 келі), Самалай Ерғалиева (63 келі) және Қымбат Сейтмаханбет (+78 келі) жарыста үздік үштік қатарынан көрінді. 

 

Өзгелердің жаңалығы