Все новости за 26 сәуір 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Тоқаевтың тапсырмасы: Болашақ педагогтерге қойылатын талап күшейтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасына Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық кеңес алаңында айтқан тапсырмаларының тағы бір парасы іске асқанын жазды.
-
Алматыда тағы да атыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шалқар ауылында белгісіз біреу ер адамның аяғына оқ атты.
-
Қызылордада 32 кәсіпкерлік субъектісі «Ashyq» жобасына қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында кәсіпкерлерге арналған «Ashyq» жобасы іске қосылды. Қазірдің өзінде 23 кәсіпкерлік субьектісі бағдарламаны орнатқан. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік палатасы директорының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифингте мәлімдеді.
-
Өскеменде саяжайларды тонаған ұры ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде саяжайларды тонап жүрген ұры ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
-
Ульяна Балаганская Азия іріктеу турнирінің күміс жүлдегері атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық спортшы Ульяна Балаганская семсерлесуден Азия іріктеу турнирінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлады Olympic.kz.
-
Қазақстанда New York Film Academy-мен бірлескен кино академиясы ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда кино саласындағы әйгілі жоғары оқу орны - New York Film Academy-мен бірлескен жоғары оқу орны ашылады.
-
Израиль дәрігерлері КВИ-мен күресу тәжірибесімен бөлісті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күрес жөніндегі халықаралық күш-жігер мен ынтымақтастық шеңберінде COMET-ISRAEL орталығының директоры Сигал Адель, сондай-ақ Израильдің жетекші мамандары Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері үшін үш күндік вебинар өткізді.
-
Семей сынақ полигоны аумағының 90%-ға жуығы зерттелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Семей сынақ полигонының жабылғанына 30 жыл толады. Осы айтулы оқиғаға орай Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы полигон жерлерінің радиоактивті ластануын зерттеуді аяқтауды жоспарлап отыр, деп хабарлады «ҚР ҰЯО» РМК РҚЭИ филиалының директоры Асан Айдарханов.
-
Шекарадан өткенде сауалнаманы QR код арқылы толтырасыз – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейден Қазақстанға қайтар жолдағы шекарада біздің елге қарай өткендерге сауалнама толтыруды сынақтан өткіздім, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.
-
1-мамырдан бастап елорда автобустарында SMS төлем жасалмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық көлігінде SMS-хабарлама жолдау арқылы төлеу қызметі өшіріледі. Шешім ұялы байланыс операторлары қызметінің жиі істен шығуына байланысты тасымалдаушылардың сұрауы бойынша қабылданды.
-
Павлодар облысының тұрғындары отандық екпе ала бастады
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің тұрғындары коронавирустық инфекцияға қарсы «QazVac» екпесін ала бастады.
-
Мамин Nur Otan партиясының жол картасын іске асыру жөніндегі штаб отырысын өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасын іске асыру жөніндегі штаб отырысын өткізді, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
-
Атырау аумағы ұлғайып барады
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау қаласының аумағы кеңейіп келеді. Облыс орталығы 16 мың гектардан 46 мың гектарға дейін ұлғайған.
-
ШҚО-ның Алтай ауданындағы кәсіпкерлер 2 млрд теңгені кәдеге жаратқан
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Он жыл ішінде Алтай ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен жалпы сомасы 2 млрд теңге қаражатқа жүзден астам жоба жүзеге асқан.
-
Елордалық өрт сөндірушілер қураған шөптен шыққан өртті ауыздықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тілсіз жау шамамен 1000 шаршы метрді қамтыған, деп хабарлады елордалық ТЖД баспасөз қызметі.
-
«ELARNA» телеарнасына жаңа директор келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Камила Камназарова «ELARNA» телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды.
-
Павлодарлық оқушы байланыссыз дезинфектор өндіре бастады
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар қаласындағы №3 дарынды балаларға арналған мектеп-гимназиясының биылғы түлегі Баязет Ысқақов байланыссыз дезинфектор өндірісін қолға алды.
-
«Оскар-2021» сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін түнде Лос-Анджелестегі «Долби» театрында Америкалық кинематографиялық өнер және ғылым академиясы ұйымдастырған 93-ші жыл сайынғы «Оскар» жүлдесі табысталды.
-
Үржар әуежайына қалыңдығы 17 сантиметрлік асфальт төселеді
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Үржар әуежайын қайта жаңғырту барысында 100 мың шаршы метр аумаққа қалыңдығы 17 сантиметрлік асфальт жабыны төселеді.
-
Тоқаев «Qazaq Republic» жобасының авторын қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы «Qazaq Republic» жобасының авторы Сәкен Жолдасты қабылдады.
-
QAZVAC вакцинасының қауіпсіздігі зерттеу нәтижелерімен расталды – ДСМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. QAZVAC вакцинасын клиникалық зерттеудің I-II фазасының нәтижелері бойынша есептер және III фазасының аралық есебі оның қауіпсіздігін растайды.
-
Ислам Жеменей: Әлемде қазақтар бір-бірімен кездескенде бауыр басатын сөз – қазақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Желмая» жобасының бүгінгі қонағы филология ғылымдарының докторы, профессор, «Иран Тұран» зерттеу орталығының директоры Ислам Жеменей айтты.
-
«Потому что, потому что…». Серік Әбденов қызметінен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Серік Әбденов «ҚТЖ» ҰК »АҚ басқарма төрағасының корпоративті мәселелер және кадрлар жөніндегі орынбасары қызметінен босатылды.
-
Жанғали Жүзбай. Күй өнеріндегі дағдарыс немесе қазаққа күй керек пе?
Күйші бүгінгі таңда музыка саласындағы сын мәселесінің сын көтермей тұрғанын, тіпті музыка сыншыларының жоғалып кеткенін жеткізді.
-
Путин мен Байден кездесетін болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Джо Байденнің кездесуі жазда өтеді, деп хабарлады РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
-
Елімізде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқу басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негізін үйрету курсының бірінші легі басталды.
-
Елордада сырғанақ теппек болған бала саусағынан айырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада төрт жасар бала ойнауға шығып, саусақсыз қалды.
-
Алматыға QazVac вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қалаға отандық QazVac вакцинасының 6 мың дозасы жеткізілгенін мәлімдеді.
-
Алматыдағы Алмалы ауданына түскен салық 142,7 млрд теңгені құрады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алмалы ауданының әкімі Серік Құсайынов ауданның 1-тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған онлайн брифингте айтты.
-
Коронавирус. Әлемдік ахуал
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістан астанасы Нью-Дели билігі коронавирустың таралуына байланысты қатаң шектеулерді тағы бір аптаға, осы жылдың мамыр айының 3-не дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.
-
Өрттің алдын алу үшін құтқарушылар космомониторингті пайдаланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың сәуір айының басынан бастап, құрғақ және шуақты ауа-райы орнағаннан кейін тек қана 23-26 сәуір аралығында өрт сөндірушілер шөптің жануын жоюға 86 рет барды.
-
Елордадағы Бөкейхан көшесі бірнеше айға жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлихан Бөкейхан көшесі бойындағы 23-көшеден Бұқар жырау көшесіне дейінгі учаскедегі қозғалыс осы жылдың 29 сәуірі мен 1 тамызы аралығында автокөлік қозғалысы үшін толығымен жабылады.
-
Академик вакцинаның күші қанша уақытқа жетеді деген сұраққа жауап берді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР клиникалық және іргелі медицина академигі, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ эпидемиология кафедрасының профессоры Сәкен Әміреев онлайн брифинг барысында коронавируске қарсы вакцинаның қорғаныш күші қанша уақытқа жетеді деген сұраққа жауап берді.
-
Нью-Йорк Федералды соты Храпунов пен Әблязовтың өтінішін қабылдамады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нью-Йорк федералды соты Мұхтар Аблязов пен И.Храпуновтың жүздеген миллиондарды ұрлағаны мен жылыстасқанына қатысты талаптар сотта мәні бойынша қарастырылсын деп қаулы етті. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі хабарлады.
-
Вакцина сынақтың үш кезеңінен өтеді, оны жасау өте жауапті іс - академик
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР клиникалық және іргелі медицина академигі, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ эпидемиология кафедрасының профессоры Сәкен Әміреев онлайн брифинг барысында QazVac вакцинасының қауіпсіздігін айтты.
-
Назарбаева «Қамқорлық» оңалту орталығының жұмысымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы бастамасымен ашылған «Қамқорлық» орталықтарында төрт айда 1 186 бала оңалту курсынан өтті. Бұл Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры Дариға Назарбаеваның Алматы облысындағы «Қамқорлық» оңалту орталығына жасаған сапары кезінде белгілі болды.
-
Отандық вакцинаның тиімділігі жоғары - профессор
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР клиникалық және іргелі медицина академигі, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ эпидемиология кафедрасының профессоры, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің профессоры Сәкен Әміреев онлайн брифинг барысында QazVac вакцинасына қатысты пікірін білдірді.
-
Полиция: Жол апатын болдырмау - полицияның ғана емес, қоғамның да мәселесі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселесі – маңызды әлеуметтік-экономикалық және демографиялық міндеттердің бірі. Ақтөбе облысы полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Айдос Құлжанов жол-көлік оқиғаларының негізгі себептеріне тоқталып, оны болдырмау үшін атқарылып жатқан жұмыстар жайында сөз қозғады.
-
Отандық ғалымдар қайың қабығынан онкологиялық ауруларға қарсы дәрі шығарады
Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшсысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында білім беру саласын дамытуға ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап өтті. Соның ішінде, әсіресе ғылым мен технологияларды дамытуға қаржы бөлу керектігін баса айтқан болатын.
-
Елордада КВИ-ға қарсы «QazVaс» отандық вакцинасы қолжетімді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өндірілген "QazVac" вакцинасының 6 мыңнан астам дозадағы алғашқы партиясы елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймаларына келіп түсті. Басқарма қоймаларында "Спутник-V"-мен бірге барлығы 55 мың доза бар, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Еуропаға турист болып бару үшін қандай вакцина салдыру керек
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Еуропалық Комиссияның төрағасы Урсула фон дер Лайен The New York Times газетіне берген сұхбатында Еуропалық Одақ (ЕО) барлық туристерді бір шартпен қабылдауға дайын екенін айтты.
-
Вице-министр Шоранов отандық вакцинаны салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Нұр-Сұлтан қаласының № 9 емханасы базасында қазақстандық әзірленген және өндірілген QAZVAC коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны алғашқылардың бірі болып алды.
-
Мәслихат депутаттары жемқорлық жөніндегі кеңестің құрамына кірді
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы мәслихат депутаттары Nur Otan партиясындағы Алматы қалалық филиалының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің жаңа құрамына кірді.
-
Қазақстан мен Қырғызстан мемлекетаралық арналар арқылы су беру кестесін келісті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Қырғызстан вегетациялық кезеңге Шу және Талас өзендеріндегі су қоймаларының жұмыс режимін және мемлекетаралық арналар арқылы су беру кестесін келісті.
-
Митинг кезінде ұландықтардың қандай қызмет атқаратыны белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланы әскери кеңесінің хатшысы Савердин Имиров ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Ұлттық ұландағы қызметтің ерекшеліктері туралы өткен брифингте айтты.
-
Мамин «РТЖ» ААҚ бас директоры Белозеровпен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Ресей темір жолдары» ААҚ бас директоры – басқарма төрағасы Олег Белозеровпен кездесу өткізді.
-
Қанша ұландық вакцина салдырды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланының баспасөз хатшысы Руслан Жангулин ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Ұлттық ұландағы қызметтің ерекшеліктері туралы өткен брифингте айтты.
-
Ұландықтар биыл 3 мыңнан астам құқық бұзушыны ұстаған – Имиров
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланы әскери кеңесінің хатшысы Савердин Имиров ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Ұлттық ұландағы қызметтің ерекшеліктері туралы өткен брифингте айтты.
-
Елімізде республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі басталды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Алдағы күндері қар аралас жаңбыр, бұршақ жауып, қатты жел соғады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМҚ алдағы үш күнге арналған, яғни 1-3 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.
-
#Желмая: Назарбаев ғалымға Түркияда қандай өтініш айтты?
«Желмая» жобасының бүгінгі қонағы филология ғылымдарының докторы, профессор, «Иран Тұран» зерттеу орталығының директоры Ислам Жеменей.
-
Елордада Ташкент көшесі уақытша жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың 26 және 27 сәуірінде Н.Гоголь көшесінен Игілік көшесіне дейінгі учаскедегі Ташкент көшесінде қозғалыс жартылай жабылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Жамбыл облысында жоғалған балалар табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз дәстүрлі брифингте айтты.
-
Шымкенттік адамдарды 4 млн теңгеге алдап кеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл туралы өткен брифингте айтты.
-
Халықаралық маңызы бар автожолды су басты
BAQ.KZ тілшісі. Солтүстік Қазақстан. Күн жылынып, қардың көбесі сөгілгелі өзен-көлдердің тасуынан, кей жерде еріген қар суынан облыста 12 жол учаскесін су басты. Қазір олардың 11-і қайтты.
-
Самал Еслямова тағы бір жүлде алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық актриса Самал Еслямова өз марапаттарының қоржынын тағы толықтырды. 2018 жылғы Канн фестиваліндегі ең үздік әйел рөлі сыйлығынан кейін отандық актриса «Ника» сыйлығын жеңіп алды.
-
Жамбыл облысында алаяқ интернет арқылы жоқ дүкеннен киім сатқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл туралы өткен брифингте айтты.
-
Алматыда «Білім, ғылым және өндірістің интеграциясы» атты конференция басталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде «Білім, ғылым және өндірістің интеграциясы: өзекті мәселелер, жетістіктер мен инновациялар» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады.
-
Жұмағазы Игісін: Шығармашылық шыңының баспалдағы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Қазақ журналистикасының қара шаңырағының бірі – Қазақ радиосының құрылғанына 100 жыл толды. Осы ғасырлық мерейтойға орай белгілі журналист, Қазақ радиосының шығыстағы меншікті тілшісі болған Жұмағазы Игісінмен сұқбаттасқан едік.
-
«Qazaqstannyń astanasy - Nur-Sultan» монеталары сатылымға шығады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан QAZAQSTANNYŃ ASTANASY – NUR-SULTAN коллекциялық монеталары 28 сәуірде сатылымға шығатынын хабарлады.
-
Еңбекмині зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың тұжырымдамасына түзетулер әзірледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс жүргізуде.
-
Алматыда вакцина салдырғандар саны 180 мыңға жуықтады
Алматы, BAQ.KZ. Өткен тәулікте Алматыда 6 415 адам коронавируске қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Экология министрлігінің қызметкерлері ағаш отырғызды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, сондай-ақ Ұлттық ағаш отырғызу күні шеңберінде Қызылжар орманшылығы аумағында символдық мөлшерде 30 ағаш отырғызды.
-
893 633 адам КВИ-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі 26 сәуір күнгі деректер бойынша өңірлерде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпаратты жариялады.
-
Алматыда көпбалалы ана аутизмі бар балаларға арналған түзету орталығын ашты
Алматы, BAQ.KZ. Гүлжан Бекебаева аутизмі бар балаларға арналған «Эйнштейннің балалары» түзету дамыту орталығын ашты. Орталықта білікті логопедтер, психологтар, ЕДШ, массаж және арт-терапия мамандары қабылдау жүргізеді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
-
Қызылорда мен Павлодар облыстары «қызыл», Шымкент «сары» аймаққа өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында еліміздің өңірлеріндегі 26 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды.
-
Цой Біртановты жұмысқа қабылдай ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сауал Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға бүгін отандық «QazVac» вакцинасын алу процесі кезінде қойылды.
-
Әрбір жиырмасыншы қазақстандық вакцина салдырған – Цой
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдің батыс өңірлеріндегі вакцинация процесінің баяу жүріп жатқанына қатысты пікір білдірді.
-
Ерлан Қожағапанов жаңа қызметке тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Қожағапанов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
-
COVID-19. Пневмониядан 4 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 26 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жариялады.
-
COVID-19. 769 адамның жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 26 сәуірдегі ақпаратты жариялады.
-
Өткен тәулікте 1799 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 1799 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Алексей Цой алғашқылардың бірі болып «QazVac» вакцинасын салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқылардың бірі болып «QazVac» вакцинасын салдырды.
-
Елімізде өткен тәулікте 2716 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 2716 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлайды.
Наверх