Ульяна Балаганская Азия іріктеу турнирінің күміс жүлдегері атанды

26 Сәуір 2021, 22:13
1333
Бөлісу:
Ульяна Балаганская Азия іріктеу турнирінің күміс жүлдегері атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық спортшы Ульяна Балаганская семсерлесуден Азия іріктеу турнирінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлады Olympic.kz. 

Бұл күндері Ташкентте семсерлесуден Олимпиада ойындарына жолдама сарапқа салынуда. Құрлықтық іріктеу додасында отандық атлет Ульяна Балаганская финалда қарсыласына жол берді. 

Сингапурлық Абдул Рахман Кирия 15:13 есебімен Ульянаны ұтып, жолдамадан тыс қалдырды. Айта кетерлігі, Азия іріктеу турнирінде жеңімпаз атанған спортшы Олимпиадаға жолдама алады.

Өзгелердің жаңалығы