Тоқаев «Qazaq Republic» жобасының авторын қабылдады

26 Сәуір 2021, 17:51
2756
Бөлісу:
Тоқаев «Qazaq Republic» жобасының авторын қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы «Qazaq Republic» жобасының авторы Сәкен Жолдасты қабылдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Qazaq Republic» брендінің дамуы, жаңа әзірлемелер мен жобалардың іске асырылуы жайында баяндалды.

Тоқаев «Qazaq Republic» жобасының авторын қабылдады

Сәкен Жолдас Қасым-Жомарт Тоқаевқа отандық кәсіпкерлердің пандемия жағдайындағы жұмысы, бизнестің түйткілді мәселелерінің шешімі және мемлекеттік құрылымдар тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау туралы айтты.

Сондай-ақ әңгімелесу барысында қазақстандық заманауи бірегейлікті қалыптастыру жөнінде ұсыныстар айтылды.

Президент еліміздегі креативті индустрияны дамытуға мемлекет ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы