«Qazaqstannyń astanasy - Nur-Sultan» монеталары сатылымға шығады

26 Сәуір 2021, 11:03
1465
Бөлісу:
«Qazaqstannyń astanasy - Nur-Sultan» монеталары сатылымға шығады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан QAZAQSTANNYŃ ASTANASY – NUR-SULTAN коллекциялық монеталары 28 сәуірде сатылымға шығатынын хабарлады.

Монеталарды kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады. Ол үшін қолданушылар тіркеліп, жеке кабинет ашуға тиіс.

Номиналы 1 000 теңгелік, жалпы массасы 62,2 грамм, 925/1000 сынамалы күмістен, массасы 46,2 грамм, құрамдас бөлігі 999/1000 сынамалы алтыннан, массасы 16 грамм, «proof» дайындау сапасымен, диаметрі 50 мм болатын монеталар 1 000 дана таралыммен дайындалды, - делінген хабарламада.       

Монеталар еліміздің бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ Қазақстандағы барлық банк шоттарына есепке алынуға, аударылуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.

Монеталар кәдесый орамда шығарылады және Қазақстан Ұлттық банкінің мемлекеттік тілдегі, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Коллекциялық монеталар Теңге сарайында дайындалды. 



Өзгелердің жаңалығы