Алдағы күндері қар аралас жаңбыр, бұршақ жауып, қатты жел соғады

26 Сәуір 2021, 12:29
1411
Бөлісу:
Алдағы күндері қар аралас жаңбыр, бұршақ жауып, қатты жел соғады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМҚ алдағы үш күнге арналған, яғни 27-29 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Атлантикалық циклонның әсерінен кезеңнің басында республика аумағында ауа температурасы 15-26°С-қа дейін, Қазақстанның оңтүстік бөлігінде 28-36°С-қа дейін көтеріледі.

Кезеңнің соңында Солтүстік-Батыс антициклонының ауытқуымен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасы түнде, елдің солтүстігінде 3°С аяздан 5°С жылыға, күндіз 8-15 °С жылыға дейін төмендеуі мүмкін.

Республиканың оңтүстік өңірлерінде күндіз термометр бағандары 20-28°С-қа жылыға дейін төмендейді. Жаңбыр жауады, оңтүстік аймақтарда найзағай ойнайды, солтүстік аймақтарда қар аралас жаңбыр, бұршақ жауып, қатты жел тұруы мүмкін.


Өзгелердің жаңалығы