Алматыда тағы да атыс болды

26 Сәуір 2021, 23:13
2311
Бөлісу:
Алматыда тағы да атыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шалқар ауылында белгісіз біреу ер адамның аяғына оқ атты.

Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 24 сәуірге қараған түні болған. Шалқар ауылының 62 жастағы тұрғыны зардап шеккен.

Тексеру барысында Қаскелеңнің 29 жастағы тұрғыны анықталды. Оны ұстау бойынша жедел іздестіру іс-шаралары жүріп жатыр. Бұл факт «адам өлтіру оқталу» әрекеті ретінде тіркелді. Істің себептері мен мән-жайы анықталады. Өзге ақпарат жария етілмейді, – деді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Дәрігерлер зардап шеккен адамның сол аяғын оқ тесіп өткенін айтты. Ол шамамен сағат 23:00-де Қарасай аудандық орталық ауруханасына жеткізілген. Ер адамның жағдайы өте ауыр.

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі: «Науқас реанимация бөліміне түсті. Ол сол жақ аяғынан жараланған. Сол жақ жіліншігіне оқ тиген. Аяғының екі сүйегінің жоғарғы бөлігі сынған. Жалпы жағдайы өте ауыр. Жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр», деп атап өтті.


Өзгелердің жаңалығы