Алматыдағы Алмалы ауданына түскен салық 142,7 млрд теңгені құрады

26 Сәуір 2021, 16:14
2013
Бөлісу:
Алматыдағы Алмалы ауданына түскен салық 142,7 млрд теңгені құрады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алмалы ауданының әкімі Серік Құсайынов ауданның 1-тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған онлайн брифингте айтты.

Оның айтуынша, дамыған қаржы секторы ауданның экономикалық өсуі мен дамуының кепілі болып отыр.

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша салық түсімдері 142,7 млрд теңгені құрады. Аудан кәсіпорындары арқылы негізгі капиталға 21,7 млрд теңге инвестиция тартылып, 1326 жұмыс орны құрылды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 8,4 млрд теңгеге орындалды, - деді аудан әкімі.

Сонымен қатар ол тауар айналымының жалпы көлемі 548,5 млрд тгеңгені құрағанын жеткізді. Оған қоса ауданның өнеркәсіптік кәсіпорындарымен 46,5 млрд теңге құрайтын өнім өндірілген.

Әкімнің мәліметінше, аталған ауданда 206 тұрғын үй басқару органдары қызмет көрсететін 1395 көппәтерлі тұрғын үй бар. Жыл басынан бері көппәтерлі 27 үйдің тұрғындары «Нұрлы жер» бағдарламасы шарттары аясында 59 лифт жабдықтарын жаңартқан.

Ішкі аула алаңдарын жаңғырту басты міндеттердің бірі болып отыр. 2016-2020 жылдар аралығында 698 ішкі аула абаттандырылды, биылғы жылы 66 аулаға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 2017 жылы ішкі аулалардың жөндеу жұмыстарын жүзеге асырған мердігер «Сигма» компаниясы сот шешімімен 17 аулада анықталған ақауларды жою бойынша жұмыстар жүргізуде, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы