Вакцина сынақтың үш кезеңінен өтеді, оны жасау өте жауапті іс - академик

26 Сәуір 2021, 14:51
2010
Бөлісу:
Вакцина сынақтың үш кезеңінен өтеді, оны жасау өте жауапті іс - академик

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР клиникалық және іргелі медицина академигі, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ эпидемиология кафедрасының профессоры Сәкен Әміреев онлайн брифинг барысында QazVac вакцинасының қауіпсіздігін айтты.

Вакцина жасау кезінде ол сынақтың үш кезеңінен өтеді. Біріншісінде оны жануарларға салады, екіншісі еріктілерге салынады. Ал, үшіншісінде көптеген адамға салынады. Бұл өте жауапты іс, сондықтан оған өте мұқияттылықпен қарайды,-дейді ол

Профессор халық арасында коронавируске қарсы вакцинаға қатысты сенімсіздік пен қауесет барын айта келе, одан еш қоырқпау қажет деген ойын білдірді.

Адамдар басы немесе тағы бір жері ауырса дәріханадан дәрі алып, еш ойланбастан іше береді. Бірақ вакцинаға келгенде нешетүрлі күмәндар туындап жатыр. Бұл жерде күмәнданудың қажеті жоқ. Халықты коронавирустен сақтап қалатын біздің қолымызда қазір вакцинадан басқа ештеңе жоқ. Сондықтан қорықпай вакцинаны салдырған дұрыс. Иә, халық арасында теріс пікір таратып жүргендер де бар. 1980 жылдары қарашешек ауруы тарап, миллиондаған адам қырылды. Сол кезде осы вакцианның арқасында аман қалдық. Қай кезде де вакцинаға қарсы шығатындар болады,-деді Әміреев.

Профессор вакцина салдырмас бұрын оған қарсы көрсеткіштері бар, жоғын тексеру керектігін, яғни аллергиялық реакцияны тексеру қажеттігін айтты.

Өзгелердің жаңалығы