Израиль дәрігерлері КВИ-мен күресу тәжірибесімен бөлісті

26 Сәуір 2021, 21:25
2041
Бөлісу:
Израиль дәрігерлері КВИ-мен күресу тәжірибесімен бөлісті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күрес жөніндегі халықаралық күш-жігер мен ынтымақтастық шеңберінде COMET-ISRAEL орталығының директоры Сигал Адель, сондай-ақ Израильдің жетекші мамандары Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері үшін үш күндік вебинар өткізді.

Ішкі және жұқпалы аурулар саласындағы маман, Тель-Авив қаласы Шамир медициналық орталығының терапевтік бөлімінің меңгерушісі, жұқпалы аурулар жөніндегі кеңесші, Тель-Авив университеті мен Комет орталығының медицина факультетінің дәріскері, доктор Галина Гольцман «Covid-сіз білгіңіз келетін барлық нәрсе?» тақырыбында семинар өткізді. Дәріскер вирус, аурудың патогенезі, Covid-19 ағымының ерекшеліктері туралы өзекті ақпаратты ұсынды. Ол емдеуді ерте бастау, әсіресе созылмалы аурулары бар және 60 жастан асқан адамдар үшін өте маңызды екенін атап өтті.

Израиль барлық күш-жігерін аурудың алдын алуға бағыттады және ол өзін ақтады. Вакцинацияны егде жастағы, сондай-ақ қатар жүретін аурулары бар адамдардан бастадық. Израильдің Денсаулық сақтау министрлігі үдеткіш әсер алу үшін Covid-пен ауыратын адамдарға бір реттік вакцинацияны ұсынады. Қазір балаларды Covid-ке қарсы вакцинациялау бойынша дайындық жұмыстары жүріп жатыр, - деді Гольцман.

Жоғары санатты терапевт, «Хашарон» ауруханасының жалпы терапия бөлімінің меңгерушісі, Тель-Авив университеті мен Корнет орталығының медицина факультетінің дәріскері, доктор Евгений Берко пациенттерді амбулаториялық деңгейде дұрыс жүргізу ауруханаларға ауыр науқастарды басқаруға көңіл бөлуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Осылайша оларды емдеу нәтижелерін жақсарту. Израильдегі пациенттердің 80%-ы үйде емделді және телемедицина, яғни бейне байланыс арқылы бақылауда болды. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, олар қонақ үйлерге ауыстырылды.

Негізгі міндет денсаулық жағдайы нашарлаған және ауруханаға жатқызуды қажет ететіндерді бөліп көрсету болды. Бұл тәсіл ауруханаларға жүктемені азайтуға, толып кетуді азайтуға, науқас үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді, - деп түсіндірді Берко.

Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры Гүлназ Таңатарова мен Израильдің Қазақстан Республикасындағы елшісі Лият Вексельман COMET - ISRAEL директоры Сигал Адельге вебинарлар мен спикерлерді ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді. 

Олар елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Израиль мемлекеті әлемдегі КВИ-ге қарсы вакцинацияланған адамдар саны бойынша көшбасшы болып табылады, онда вакцинацияланған халық саны 70%-дан асатының атап өткен жөн. Бұл ковидтік ауруханаларды жапқан алғашқы ел.

Еске салсақ, ДСМ QAZVAC вакцинасының қауіпсіздігі зерттеу нәтижелерімен расталғанын мәлімдеді. Сондай-ақ министрлік басшысы Алексей Цой бүгін отандық вакцинаны алғандардың алғашқысы болды.


Өзгелердің жаңалығы