Елордада Ташкент көшесі уақытша жабылды

26 Сәуір 2021, 12:01
823
Бөлісу:
Елордада Ташкент көшесі уақытша жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың 26 және 27 сәуірінде Н.Гоголь көшесінен Игілік көшесіне дейінгі учаскедегі Ташкент көшесінде қозғалыс жартылай жабылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп жол-құрылыс жұмыстарын бастады. Осыған байланысты 26 және 27 сәуірде Н.Гоголь көшесінен Игілік көшесіне дейінгі учаскедегі Ташкент көшесі бойынша қозғалыс ішінара жабылды. 

Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз, —делінген ведомство хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы