Қанша ұландық вакцина салдырды?

26 Сәуір 2021, 12:47
1736
Бөлісу:
Қанша ұландық вакцина салдырды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланының баспасөз хатшысы Руслан Жангулин ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Ұлттық ұландағы қызметтің ерекшеліктері туралы өткен брифингте айтты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Ұлттық ұланда әскерилер вакцинациядан өтіп жатыр. Бүгінгі таңда жеке құрамның 34 пайызы вакцина салдырды. Бұл науқанды 1 маусымға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Әскерилер полиция департаменті мен жергілікті жерлердегі емханаларды егу шараларын алып жатыр. Оның барлығы еркін түрде өтіп жатыр, - деді ол.

Оның айтуынша, мерзімді қызметтегі сарбаздар да вакцинациядан өтіп жатыр.

Өз кезегінде ҚР Ұлттық ұланы әскери кеңесінің хатшысы Савердин Имиров әскерилерді вакциналау Ұлттық ұланның ерекше бақылауында екенін айтты.

Бүгінгі таңда бірінші компонентпен 10608 адамға вакцина егілді, екінші кезеңде 606 адам алды. Біз бір мезетте барлығын вакциналай алмаймыз. Себебі біздің қызметтік жауынгерлік талап бар. Барлығы жоспар бойынша жүзеге асырылып жатыр. Вакциналау үрдісін жылдың алғашқы жартысында аяқтау жоспарланған, - деді ол.

Имиров атағандай, әскерилер қазақстандық вакцинаны күткендіктен, басында сәл кідірген.

Бүгін қазақстандық вакцинаны бүгін Денсаулық сақтау министрі ектірді. Біздің де әскерилер алады деген үміттеміз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы