Елордада сырғанақ теппек болған бала саусағынан айырылды

26 Сәуір 2021, 16:38
2232
Бөлісу:
Елордада сырғанақ теппек болған бала саусағынан айырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада төрт жасар бала ойнауға шығып, саусақсыз қалды.

Оқыс оқиға туралы ақпарат @zhaloby_astana әлеуметтік парақшасында пайда болды.

Лесозавод ауданында балалар алаңының сапалы әрі заманауи болғаны соншалық, бүлдіршіндердің саусақтарын кесіп кетеді, - делінген видеода.

Zakon.kz хабарлағандай, қалалық Денсаулық сақтау басқармасы деректері бойынша оқиға 25 сәуірде болған.

Анасының сөзінше, «горкадан» сырғанап бара жатқанда, баланың саусағы шетіне қыстырылып қалған. Салдарынан сол қолының екінші саусағы ампутацияланды. Травматологиялық пунктте баланың жарақатына алғашқы хирургиялық көмек көрсетілді. Саусақтың тұқылы қалды. Қолына гипс салынды. Бала амбулаториялық емге жіберілді, - деп түсіндірді ведомство өкілдері.
Медицина қызметкерлерінің айтуынша, Байқоңыр ауданы әкімдігі баланың отбасына қажетті медициналық және материалдық көмек көрсетеді.
Ал аталған «горканы» алаң территориясын алып тастады, - деп атап өтті ведомство баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы