Мамин «РТЖ» ААҚ бас директоры Белозеровпен кездесті

26 Сәуір 2021, 12:55
2232
Бөлісу:
Мамин «РТЖ» ААҚ бас директоры Белозеровпен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министрі Асқар Мамин «Ресей темір жолдары» ААҚ бас директоры – басқарма төрағасы Олег Белозеровпен кездесу өткізді. 

Тараптар теміржол көлігі және логистика саласындағы ынтымақтастықты екіжақты форматта да, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде де нығайту мәселелерін талқылады. 

«Бірлескен көліктік-логистикалық компания – Еуразиялық теміржол альянсы» АҚ («БКЛК ЕРА») одан әрі дамыту перспективалары қаралды. Аталған интеграциялық жоба Қазақстан, Ресей және Беларусь аумағы арқылы «Қытай – Еуропа» бағыты бойынша тұрақты пойыздар құрамында транзиттік контейнерлік тасымалдау қызметтерін қамтамасыз етуге бағытталған. 

Қазақстан өзінің көліктік-логистикалық әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөледі. Темір жолдарды одан әрі дамыту, аймақтағы сауда мен транзит көлемдерін арттыру – біз үшін өте маңызды және басым міндеттер, — деді А. Мамин. 

2020 жылы пандемияға қарамастан, «Қытай – Еуропа» бағыты бойынша Қазақстан аумағы арқылы транзитпен жүктерді контейнерлермен тасымалдау көлемі 517,5 мың ЖФЭ құрады, бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 65%-ға артық. Қазақстан мен Ресей арасындағы жүк тасымалдау көлемі 2020 жылы 85,6 млн тоннадан асты. 

Осы жылдың I тоқсанында екі ел арасындағы контейнерлік тасымалдар 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 57%-ға өсті. Кездесуге Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев қатысты.

Өзгелердің жаңалығы