Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Он жыл ішінде Алтай ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен жалпы сомасы 2 млрд теңге қаражатқа жүзден астам жоба жүзеге асқан.
Аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Ғалия Алпысбаеваның айтуынша, бүгінгі күні аудан аумағында шағын және орта бизнесті дамытуға арналған бес мемлекеттік бағдарлама сәтті іске асырылып жатқан көрінеді.
Олардың барлығы кәсіпкерліктің тұрақты түрде дамуына және тұрақты жұмыс орындарының ашылуына жағдай жасауды мақсат етеді. Мысалы «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2025» бағдарламасымен 2010 жылдан бері аудан бойынша жүзден астам жобаға 2 млрд теңге мөлшерінде субсидия бөлінді. Сонымен қатар қаржылай емес қолдау көрсету бағыты бойынша 18 адам бизнес негіздеріне оқытылып, түрлі кеңестер алды, - дейді Ғалия Алпысбаева.
Бұдан бөлек соңғы үш жылда бизнесті инновациялық тұрғыда дамытқан алтайлық 12 кәсіпкерге 28,2 млн теңге мөлшерінде гранттық қаржы бөлінген.
Coндaй-aқ «Қaрaпaйым зaттaр экoнoмикacы», «Нәтижeлi жұмыспeн қaмтy жәнe жaппaй кәciпкeрлiктi дaмытyдың 2017-2021 жылдaрғa aрнaлғaн «Eңбeк», «Ақ Ниет» бағдарламалары арқылы өткен жылы 1 млрд теңгеден астам мөлшерде гранттық қаржы қарастырылған.
Оқи отырыңыз: