Самал Еслямова тағы бір жүлде алды

26 Сәуір 2021, 11:30
1687
Бөлісу:
Самал Еслямова тағы бір жүлде алды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық актриса Самал Еслямова өз марапаттарының қоржынын тағы толықтырды. 2018 жылғы Канн фестиваліндегі ең үздік әйел рөлі сыйлығынан кейін отандық актриса «Ника» сыйлығын жеңіп алды.

Мен Мәскеуге бара алмадым. Мен үшін жүлдені фильмнің екінші режиссері, актер Вячеслав Агашкин алды. Онсыз фильм сәл басқаша болар еді. Ол орындарды, әртістерді тапты. «Айка» фильміндегі әріптестеріме тағы да алғыс айтқым келеді, - деді Самал Еслямова.



Айта кетейік, Самал Еслямова 55-ші Анталия Халықаралық кинофестивалінің үздік актрисасы болған. Бұған дейін 2018 жылы мамырда 71-ші Канн кинофестивалінде үздік актриса атанған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы